Диетолог дайын таңғы астың пайдалы баламасын атады

Диетолог дайын таңғы астың пайдалы баламасын атады
Фото: depositphotos.com

Дайын таңғы астардың, әсіресе жүгері үлпектерінің құрамында қант көп, ал пайдасы аз. Бұған байланысты диетолог, гастроэнтеролог, "Дұрыс тамақтану" ғылыми-зерттеу орталығының атқарушы директоры Нурия Дианова RT-ға берген сұхбатында мұндай тағамның пайдалы баламасын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, күннің алғашқы асына тұтас дәннен жасалған өнімдерді таңдаған дұрыс. Мысалы, тұтас дәнді бидай немесе сұлы. Мұндай өнімнің бір порциясында кемінде үш грамм жасұнық болуы және құрамы барынша аз болғаны жөн.

Дианова мінсіз таңғы астың құрамында тек дәнді дақылдар болуы керек екенін атап өтті.

"Ең дұрысы – оларды сүтпен, табиғи йогуртпен немесе айранмен дайындау. Міндетті түрде ақуыз бен пайдалы май көзі болатын жаңғақ, зығыр немесе чиа дәнін, бір қасық жержаңғақ пастасын қосуға болады", – деді ол.

Сонымен қатар, рационға ұзақ қайнатылатын ботқа, үйде дайындалған гранола, сүзбе, жұмыртқа және тұтас дәнді наннан жасалған тост қосқан жөн.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget