Мерекелерден кейін тамақтану режимін қалпына келтіру үшін сорпалар, ботқалар, көкөністер және ақуызды көбірек жеу керек. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина радиостанцияға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір ағзаны "тазалап", қалпына келтіру керек. Сол үшін асқазанға жеңіл түсетін ботқалар мен сорпалар жеу керек", - деп атап өтті ол.
Диетологтың айтуынша, тұзды және ысталған тағамдарды азайту қажет. Сонымен қатар, қалпына келу үшін толыққанды ұйқы, жиі әрі аз-аздан тамақтану және таза ауада серуендеу маңызды. Ол ұйқы жеткіліксіз болған кезде ағза жоғары энергиялы - тәтті әрі майлы тағамдарды көбірек талап ететінін ерекше айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz