Диарея: іш өткенде қандай тамақ жеуге болады?

Ішек инфекциясы, антибиотиктер және басқа да дәрілер ішу іш өтудің себебі бола алады. Әдетте, іші өтіп жатқан адамды суға піскен күріш пен тауық сорпасынан тұратын диетаға отырғызады. Алайда рұқсат етілген басқа да өнімдер бар. "Нағыз тамақпен нағыз өмір сүріңіз" кітабының авторы Бет Уоррен диарея кезінде жеуге болатын өнімдерді тізіп шықты.

Банан

Бананда жылдам сіңетін көмірсулар бар, олар жылдам энергия береді. Сонымен қатар, оның құрамында ағзада ылғалды ұстап тұруға көмектесетін калий бар. Банан ішекті жұмсақ тазартады. Алайда оны күніне тек бір рет жеу жеткілікті.

Ақ күріш

Күріш екі басты қызметті атқарады: ұзаққа дейін тоқтық сезімін сыйлайды және нәжісті қоюландырады.

Жұмыртқа

Диарея кезінде жұмыртқаны тіскебасар ретінде қолдануға болады. Алайда оны тек суға пісіріп жеу керек.

Ақ нан

Әдетте, іші өтіп жатқан адамға қатқан нан ғана береді. Алайда Бет Уорреннің айтуынша, ақ нан да жеуге болады. Бастысы, оны өте көп жемеу.

Сорпа

Еттің сорпасы - басқа сұйықтықтарға қарағанда су-тұз тепе-теңдігін қалыпқа келтіретін ең жақсы тағам.

Картоп езбесі

Картоп езбесіне кілегей майы мен сүт қоспай-ақ қоюға болады. Пюре жақсы сіңеді және ағзаға қажетті калийді береді.

Йогурт

Әдетте, диарея кезінде сүт-қышқылды өнім жеуге рұқсат етілмейді. Бірақ диетолог бояулар, қант және басқа да қоспалар қосылмаған йогурттің бір порциясын жеуге рұқсат береді. Оның құрамында микрофлораға пайдалы пробиотиктер бар.