Дэвид Бекхэм мен оның 10 жасар қызы Харпер Севеннің әсерлі фотоларына қарап, елжіремеу мүмкін емес.
Шындығында, Дэвид сияқты тамаша әке бола білу кез келгеннің қолынан келе бермейді, баламен мұндай әдемі қатынас орнату - нағыз арман. Аты аңызға айналған футболшы, бизнесмен, отағасы, омарташы, суретші Бекхэмнің бойына біткен керемет қасиеттердің бірі де осы - баласына көрсететін әкелік қамқорлығы.
Өткен аптада әлеуметтік желілерде Дэвид пен Харпер Венецияда жүрген әдемі суреттері тарады. Олар балмұздақ жеп, гондолаға мініп, жазғы каникулдарын ертегідегідей өткізді. Көпшілік атақты отбасының кішкентайы Харпер дүниеге келгелі оның бақытты балалығының куәгері боп келеді.