Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген енді журналист емес, актриса болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Қайырлы күн, достар! Кеше кино әлеміне тап болдым. Енді журналист емес, "актриса" Дина алдарыңызда тұр. Оқырмандарым мені "Детектив Дина" етіп қойыпты. Ал шын мәнінде...", - деп оқырмандарын қызықтырып қойды ол.
Араға біраз уақыт салып Дина Төлепберген қандай фильмге түсіп жатқанын хабарлады. Оның кинодағы дебюті "Малай" деп аталады екен.
"Менің кинодағы алғашқы дебютым. Адам баласы нені көп айтса, сол нәрсе орындалады екен. Жыл басталғалы кино әлеміне қызығушылығым ашылып, осы салаға аяқ басқым келіп жүрген. Бірақ ойламаған жерден киноға түсуге ұсыныс өзі келді. Жақын арада менің әртістік қабілетімді көріп, бағаңызды берерсіз… Бұл түсірілімнің тек алғашқы күні, алда әлі талай қызықты сценалар мен күтіп тұр. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар", - деп жазды ол.
Дина Төлепбергенге сәттілік тілеп жатқан желі қолданушылары жетерлік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!