Миссисипи дерматологы Линдси Зубрицки The New York Post порталына адамдардың көпшілігі жазда жіберетін қателіктерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірінші қателік - бассейндердің жанында жалаң аяқ жүру.
"Бассейн, қоғамдық душ, сауна секілді ылғал, су ғимараттар - жердегі саңырауқұлақтардың ұясы. Оларды жұқтырып алу оңай", - дейді дәрігер.
Маман мұндай жерлерде шәркей киіп жүруге кеңес берді.
Екінші қауіпті жазғы әдет - цитрусты компоненттері немесе қышқылдары бар кремдер қолдану. Дерматолог олардан жазда бас тартуды ұсынды.
"Цитрустылар мен күннің өзара әрекеттесуі терінің күйіп кетуіне немесе дақтардың пайда болуына әкеледі. Олар айлар бойы кетпеуі мүмкін", - дейді ол.
Үшінші әдет - денені қыру. Дәрігердің айтуынша, ол денесінде сүйелдері немесе папилломалары бар адамдар үшін қауіпті. Кейде олар қатты кішкентай болып, адам оны байқамауы мүмкін.
"Сүйелдер мен папилломалар жұқпалы. Мысалы, аяқ қырып жатырғанда олардың біреуін зақымдап алсаңыз, вирус бүкіл аяқ бойынша тарап кетуі мүмкін", - дейді дерматолог.
Төртінші қателік - су шашпен ұйықтау.
"Су шаш - ылғал орта. Бұл бактериялар мен саңырауқұлақтардың көбеюі үшін қолайлы орта. Ол түрлі ауруларға әкелуі мүмкін", - дейді дәрігер.
"Бұл сүйел емес": Папиллома деген не және оны қалай емдеу керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!