Депутат Дәулет Тұрлыханов жерлесі Роза Рымбаеваға темір тұлпар мінгізді

Депутат Дәулет Тұрлыханов жерлесі Роза Рымбаеваға темір тұлпар мінгізді
Фото: instagram.com/qalbatau_akimshiligi/

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов жерлесі Роза Рымбаеваға темір тұлпар мінгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Abai Aqparat басылымына сілтеме жасап.

Абай облысы Қалбатау ауылында депутат Дәулет Тұрлыхановтың бастамасымен ашық аспан астында гала концерт өткен.

Сахнада Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya секілді әншілер өнер көрсеткен.

Кеш барысында депутат Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік мінгізген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 018.KZ — ABAI AQPARAT (@abaiaqparatkz)

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева 50 жылдық шығармашылық кешінен кейінгі жоспарын бөлісті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget