- Негізгі бет
- LifeStyle
- Денсаулыққа пайдалы 3...
Денсаулыққа пайдалы 3 шай
Қазақтардың көпшілігі кофеге қарағанда шайды жақсы көреді. Алайда көпшілік шайды қою етіп және оған сүт қосып ішкенді жақсы көреді. Бірақ мұндай шайды көп ішу ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан денсаулыққа пайдалы болуы үшін қандай шай түрлерін ішу керегін ұсынамыз.
Түймедақ шайы
Түймедақ шайы психологиялық тепе-теңдікті қалыпқа келтіруге ықпал етеді, сондықтан оны мазасызданғанда, ұйқысыздықпен қиналғанда ішу ұсынылады. Сондай-ақ оны күнделікті ішуге де қолдануға болады. Түймедақ шайы денедегі жүктемені түсіріп, ойларыңызды ретке келтіруге көмектеседі.
pixabay.com
Улун
Улун – қара шаймен де, көк шаймен де салыстыруға келмейтін жартылай ферменттелген шай. Улуннің өзіне тән ерекше дәмі бар. Оны біреулер жақсы көрсе, басқалар мүлдем іше алмайды. Улунды арықтағысы келетін немесе дене сымбаттылығын сақтағысы келетін адамдарға ішу ұсынылады. Себебі бұл шай май қыртыстарын жылдам ыдыратуға көмектесетін ферменттерді іске қосады.
pixabay.com
Зімбір шайы
Күн салқындап келе жатқандықтан, зімбір және лимон қосылған шай жайлы айтпауға болмайды. Тек зімбір тамырынан дайындалған сусын асқазанға қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан сүйікті шайыңызға зімбір тілімдері мен лимон қосып ішкен дұрыс. Мұндай сусын тамақтағы қабынуды түсіреді және тыныс жолдарындағы бактериялардың көбеюін тоқтатады. Алайда аурудың алдын алу үшін зімбір шайын күніне бір-екі кесе ішу жеткілікті. Әсіресе, асқазан-ішек жолы проблемалары бар адамдар оны абайлап ішу керек.
Еттен кейін газдалған сусын ішу дұрыс па? Нутрициолог жауап берді
А. Жапатова