- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Денис Тен өлімді...
"Денис Тен өлімді өзі тілеп алды". Айнұр Тұрсынбаева күтпеген жазба жариялады
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева атақты адамдар өз өлімін сөз арқылы сұрап алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сөздің киесі бар. Қыршынынан қиылған Денис Теннен "спортта қай жасқа дейін жүресің?" деп сұрағанда, "25 жасқа дейін" деп жауап берген. Оның 25-ке жетпей қаза тапқаны естеріңізде шығар?", - деді Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Оразалы Досбосынов деген алапат ақын досым көбінесе сөзді:
"Атым Ораз болғанмен,
Отыздан жасым аспаған,
Иегін сақал жаппаған.
Сүйінбаймын, Жамбылмын,
Таңжырықпын, Шарғынмын" деп бастайтын...
Шынында жасы отыздан аспады, небәрі 29 жасында жарық дүниемен қош айтысып кете берді", - деп тағы бір танымал тұлғаның тағдырын мысалға келтірген ол бірнеше адамның оқиғасын тізіп, баяндап берді.
Кейін Оралдан Асылбек деген ақын бала шықты. Сол бала өзінің ең соңғы айтысында:
"Бір күнде бес ақынмен,
Айтысып бәрін жеңетін,
Оразалының жолын бер" деп жырлаған екен. Арада көп уақыт өтпей жап-жас Асылбек тура Оразалы ағасы құсап жол апатынан қаза тапты", - деп тағы бір дерек келтірді ақын.
Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, атақты Жәнібек Кәрменовтың бір термесінде "Жалғыз шықпа сапарға, өкініште қаларсың" деген жолдар бар екен. Жәнібек Кәрменов жолға жалғыз шығып кетіп жүрегі тоқтап қалып, жол апатына ұшырап қайтыс болғанын біреу біліп, біреу білмес.
"Атақты Мұқағалидың да:
"Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде,
Қырықтың бесеуінде" деген өлеңі бар.. Ақиық ақын шынында 45 жасында дүниеден өткен еді”,- tдп жазды Айнұр ақын.
Ол осылайша, сөздің киесі бар екенін, сондықтан ауызға абай болу керегін ескертті оқырмандарына.
"Біз көбінесе сөзге мән бермей жатамыз. Әсіресе, ашулансақ, балаларға ұрыссақ артық кетіп қаламыз. "Өстіп жүріп бір бәлеге ұрынасың, суық тиіп өлесің, оқудан шығарып жібереді, адам болмайсың, енеңнен таяқ жейсің, басыңды асырай алмайсың" деген сияқты артық сөздерді айтып жібереміз. Исламда "жақсы сөз сөйле, болмаса үндеме" деген xадис бар. Ендеше жақсы ойлап, тек қана жақсы сөз сөйлеп үйренейік. Сонда бәрі де жақсы болады", - деп қорытындылады Айнұр айтқысы келген ойын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева