- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Демеушім - күйеуім"....
"Демеушім - күйеуім". Баян Мақсатқызы "Queen" шоуына қанша қаражат кеткенін айтты
5 наурызда Алматыда танымал продюсер Баян Мақсатқызы ұйымдастырған "Queen" шоу-мюзиклі өтті. Онда қазақстандық әншілердің біршамасы өнер көрсеткен болатын. Продюсер "Revue News" бағдарламасына берген сұхбатында шоуға қанша қаражат кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, шоудың бас демеушісі - күйеуі Тұрсын Алагөзов.
"Қойылымды қоюға 5-6 рет дайындалдым. Ал бүгін қобалжығаннан биімнің қимылдарын да, әнімнің сөзін де ұмытып қалдым. Бірақ эмоция мен халықтың қолдауының арқасында бәрі сәтті өтті. Жобаға барлығы 200 миллион теңге кетті. Менің бас демеушім - күйеуім, идеям күйеуімнің арқасында жүреге асты. Әлемнің үлкен елдеріне барып, түрлі шоуларды өз көзіммен көрдім. Алған әсерім мен жинаған тәжірибемді осы жобаға салдым, біздің де өсуіміз қажет. Қарапайым концерт пен фонограмманың дәуірі өтіп кетті", - дейді Баян Мақсатқызы.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Баян Мақсатқызының үлкен шоу-мюзиклі өткені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Оразаны арықтау үшін ұстауға бола ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә