Деменция мен инсульттің алдын алатын өнім аталды

Диетолог Сара Берридің пікірінше, жаңғақ деменция мен инсульт қаупін төмендетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ға сілтеме жасап. 

Маманның айтуынша, қан тамырларының, әсіресе мидағы тамырлардың зақымдануы деменцияның кейбір түрлері, инсульт, көп ошақты склероз және эпилепсия қаупін арттырады. Ал бадам сияқты жаңғақтарды тұрақты жеу бұл тәуекелді азайтады.

"Бадам жүрекке пайдалы майларға, жасұныққа және биоактив қоспаларға бай. Олар қан тамырларының қызметіне көмектесіп, ішектегі микробиомның тең болуына көмектеседі. Бұл факторлар когнитив денсаулықпен және деменцияның даму қаупімен байланысты", - деді маман.

Берри бадамның құрамында қабынуға қарсы әсері бар полифенолдар және аргинин аминқышқылы бар екенін қосты. Ол бұл заттың қан тамырларының саулығы үшін қажет азот оксидін (NO) түзуге қатысатынын түсіндірді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз