Деменция қаупін арттыратын күнделікті өнімдер аталды

Деменция қаупін арттыратын күнделікті өнімдер аталды
Фото: depositphotos.com

Терапевт Галина Крелич есте сақтау мен зейінге кері әсер етіп, деменция қаупін арттыруы мүмкін тағамдарды атады. Бұл өнімдерді ол "Лента.ру" басылымына берген сұхбатында атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер когнитив қабілетке зиян өнімдердің алғашқы санаты ретінде өңделген ет өнімдерін яғни, шұжық, бекон, ветчинаны көрсетті. Оның айтуынша, бұл өнімдерде тұз, консерванттар және мидың қанмен қамтамасыз етілуін нашарлатуы әрі оның тіндерінде қабынуды қоздыруы мүмкін зат көп.

Сондай-ақ, Крелич миға қауіпті тағамдардың қатарына фастфудты қосты.

"Бургер, картоп фри, наггетсте қаныққан май мен тұз көп, ал пайдасы аз. Бұдан бөлек, олар өте калориялы. Сондықтан мұндай тағамдарды жиі жеу артық салмаққа, қан қысымының көтерілуіне, қан тамырлары ауруларының қозуына, ал бұл деменция қаупін едәуір арттырады", - деп ескертті маман.

Ол ми саулығына тәтті сусындар мен десерттер де зиян екенін айтты: олар қандағы глюкоза деңгейін күрт көтереді. Сонымен қатар, рациондағы қанттың артық болуы уақыт өте келе зат алмасуды бұзып, қант диабеті мен деменция қаупін арттыруы мүмкін. Дәл осы себеппен Крелич ақ нанды, тоқаш-нан өнімдерін және жұмсақ ұннан жасалған макаронды азайтуды ұсынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget