Психотерапевт Ирина Крашкина демалыстан кейін жұмысқа оралғанда неге көңіл күй түсіп, күйзеліс пайда болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
"Демалыстан кейін жұмысқа оралу көбіне күйзеліс тудырады. Себебі ағза бірден тынығу режимінен жүктеме режиміне ауысады. Демалыс кезінде ұйқы, тамақтану, дене белсенділігі, адамдармен қарым-қатынас, тіпті гормондар өзгереді. Ал жұмыс қайтадан зейінді аударуды, тәртіпті және эмоциялық тұрақтылықты талап етеді", - деді Ирина Крашкина.
Маманның айтуынша, демалыс кезінде адамның ішкі күйзелісі азаяды. Ал жұмысқа шыққаннан кейін талап, мерзім және күн сайын қабылданатын шешім көбейіп, психологиялық жүктеме қайта артады.
Оның сөзінше, күйзеліс күшейген кезде кортизол деңгейі жоғарылап, соның салдарынан ашушаңдық, тез шаршау және жұмысқа бейімделу қиындағаны байқалады. Демалыс басқа уақыт белдеуінде өтсе немесе сол кезде адамның күн тәртібі бұзылса, жұмысқа қайта бейімделу одан әрі қиындай түседі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!