Демалыста күн суытады

Демалыста күн суытады
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 27, 28, 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жел, жаңбыр

Қазақстанның солтүстік жартысына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 28-29 қыркүйекте жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Ал еліміздің оңтүстік жартысына оңтүстік циклон әсер етеді, десе де найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Ауа температурасы:

  • елдің батысында: түнде +3…+8 °C, күндіз +10…+18-ден +13…+22 °C-қа дейін көтеріледі;
  • оңтүстік-батыста: түнде +10…+15-тен +7…+12 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +13…+18-ден +18…+23 °C-қа дейін көтеріледі;
  • солтүстік-батыс және солтүстікте: түнде +3…+13 °C-тан –1…–6 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +10…+15 °C-тан +3…+10 °C-қа дейін төмендейді;
  • Павлодар облысы мен орталықта: түнде +5…+15 °C-тан +2…+7 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +22…+28 °C-тан +7…+18 °C-қа дейін төмендейді;
  • шығыста: түнде +2…+10 °C-тан +7…+15 °C-қа дейін құбылады, күндіз +25…+30 °C-тан +20…+25 °C-қа дейін төмендейді, өңірдің солтүстігінде +10…+15 °C;
  • оңтүстікте: түнде +9…+18 °C-тан +5…+13 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +22…+32 °C-тан +15…+28 °C-қа дейін төмендейді;
  • оңтүстік-шығыста: түнде +10…+15 °C, күндіз +23…+30 °C.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget