Қазгидромет 17, 18, 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қай өңірлерде қар жауады?
Демалыс күндері солтүстік, шығыс өңірлерде аяз сақталады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. Бұл өңірлерде қар жауып, желдің арты дауылға ұласады. Сондай-ақ, көктайғақ болады.
17-18 қаңтарда Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының кейбір аудандарында қатты жауын-шашын жауады.
Ауа температурасы
Жаңа аптаның басында республиканың солтүстігіне, солтүстік-батысына және орталығына кезекті солтүстік-батыс циклоны ығысып, соның әсерінен қар жауады. Сондай-ақ, осы өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Республика бойынша тұман түседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова