Демалыс пен мерекеде жұмыс істегендерге ақы қалай төленуге тиіс?

Демалыс пен мерекеде жұмыс істегендерге ақы қалай төленуге тиіс?
Фото: depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде демалыста, мерекеде және түнде атқарылған жұмыс қалай төленуге тиіс екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес, жұмыс беруші үстеме жұмыстар уақытын, демалыста, мерекеде және түнде атқарылған жұмысты, сондай-ақ, іссапар күндерін бөлек есепке алуға міндетті.

"Кодекстің 110-бабына сәйкес, түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағаты еңбек немесе ұжымдық шарттың және/немесе жұмыс берушінің актісінің талаптарына сай жоғары мөлшерде төленеді, бірақ қызметкердің күндізгі сағаттық мөлшерлемесіне сүйене отырып, кемінде бір жарым еседен төмен болмауға тиіс", - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Жеңіс Рүстемов.

Түнгі жұмыс уақыты мереке күнімен немесе демалыс күнімен сәйкес келген жағдайда, еңбек ақысы түнгі сағаттар үшін бұл баптың 1-бөлігіне сәйкес бөлек, ал мереке немесе демалыс күндеріндегі сағаттар үшін 109-бапқа сәйкес бөлек төленеді.

"Осылайша, түнгі уақыттағы жұмыс мерекелік демалыс күнімен сәйкес келгенде, еңбек ақысы екі есе мөлшерде төленеді: мерекелік демалыс күніндегі жұмыс үшін - бір жарым сағаттық тариф мөлшерлеме, ал түнгі уақыттағы жұмыс үшін - қосымша жарты сағаттық тариф мөлшерлеме", - деп қосты Рүстемов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget