Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 4, 5, 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Барикалық циклондар мен антициклондар ауысуына байланысты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. 4 сәуірде елдің солтүстік-батысында, 5-6 сәуірде батысында, 5 сәуірде оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр болжанып отыр.

Қазақстан аумағында жел күшейеді, түнгі, таңғы уақытта тұман түседі, ал күндіз кей өңірлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы аздап өзгереді:

  • елдің батысында 15-25 градустан 10-20 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстікте 11-20 градустан 15-20 градусқа дейін жоғарылайды;
  • шығыста 15-23 градустан 20-28 градусқа дейін ауытқиды;
  • елдің қалған аумақтарында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget