Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 14, 15, 16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кең ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етіп, күн жылынады. Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болып, жел күшейеді. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.

Елдің батысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +3…+15 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде -2 градустан +5 градусқа дейін болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!