Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 14, 15, 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

14 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 15 ақпаннан бастап республиканың батысына солтүстік-батыс циклон ығыса бастайды. Ол шығыс бағытта жылжып, соның әсерінен жаңбыр, қар жауады, боран соғады. Сондай-ақ, бүкіл ел бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонға байланысты жаңбыр, қар жауып, ауа райы тұрақсыз болады. 14-15 ақпанда қатты жауын-шашын болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!