Қазгидромет 16, 17, 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел соғады.
Тек оңтүстік-батыста, 17-18 тамызда батыста, 18 тамызда республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, солтүстікте, шығыста, орталықта тұман түсуі мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!