Қазгидромет 28 ақпанға, 1, 2 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көктем жақындағанымен, қыстың аязы басылар емес. Антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпал етеді, жауын-шашын жаумайды, десе де аяз сақталады.
Тек 2 наурыздан бастап циклон еліміздің батыс өңірлеріне жылжи бастайды. Соның әсерінен қар жауып, боран соғады. Оңтүстік аймақтарда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!