- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Дем салды". "Өнер...
"Дем салды". "Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабеков концертте ауырып қалды
"Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабеков Ақтөбедегі концерттің алғашқы сеансының белінің тамыры тартылып ауырып қалған. Сахна сыртында актерге мешім имамы дем салған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Театр ұжымы да бұл ақпаратты растап, жауап берген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жанболат бауырымыз концертіміздің алғашқы сеансында белінің тамыры тартылып ауырып қалды. Содан жедел жәрдем шақырып, ауруды қойдыртатын укол салып келген еді. Келесі күні сеанстың алдында белі тағы ауырып қалды. Сосын Ақтөбе қаласындағы Родниковка ауылындағы мешіттің имамы Айбек ұстаз кешімізге келіп, Жанболат бауырымызға дем салды", - деп жазды театр ұжымы.
Мұны актердің өзі де растап, қазір денсаулығының жақсы екенін жеткізді.
"Алаңдап жатқандарыңызға рахмет! Жағдайым шүкір жақсы. Алматыға барып, 4-5 күн ем-дом қабылдаймын", - деді актер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы