Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / Із-түзсіз кеткен Әділ ақынның жыр жинағы жарық көрді

Із-түзсіз кеткен Әділ ақынның жыр жинағы жарық көрді

Із-түзсіз кеткен Әділ ақынның жыр жинағы жарық көрді

Бүгін, 20 ақпан Жазушылар Одағында ақын Әділ Ботпановтың жыр жинағының тұсауы кесілді. Жиырма жылдан бері ғайып болған ақын туралы бүгіндері ешқандай дерек жоқ. Гүлсім Ботпанова есімді жарымен шаңырақ көтеріп, бір қыз, бір ұлды дүниеге әкелген Әділ Ботпанов жиырма жылдан бері өз шаңырағына қайта оралмаған. 

Кеш шымылдығын ақынның лирикалық жырлары ашты. ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің бір топ студенті Әділ Ботпановтың шығармашылығынан өлеңдер оқыды.

"Бұл кітаптың шығуына себепші болған ағамыз - Темірғали Көпбаев. Маралтай ақын "Сен құрастыра бер, мен баспа табамын" деген еді. Темірғали ағамыз келіскен соң, үшеуміз отырып қандай форматта жасау керектігін ойластық. Содан соң, мың данасы шықты. Әділдің жерлестері, қызылордалық Нұрмат және Шакизада есімді үлкен азаматтарымыз тағы бір мың данасын шығаруды қолға алып отыр. Алла қаласа, бұл кітапты кітапхана жүйесі арқылы таратсақ деп отырмыз", - деді осы кешті ұйымдастырып, кітаптың жарық көруіне мұрындық болған жандардың бірі, ақын Бауыржан Бабажанұлы.

Әділ ақынның бірге оқыған жолдасы, ақын Бауыржан Бабажанұлы

"Қазығұрт" баспасының директоры, ақын Темірғали Көпбаев

"Бұл кеш үлкен тарихи оқиға, мен үшін. Мұны қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен оқиға деп санау керек. Қазақ әдебиетінің көгінде Әділ Ботпанов деген жұлдыз бар. Әдебиеттегі талант үшін жас өлшем емес. Мысалы, 27 жасында өткен орыстың Лермонтовы ұлы ақын емес деп қайсың айта аласың? Сол секілді өзіміздің Саттар Ерубаев та жиырма үш жасында өмірден озды. Осы жасқа дейін ол өлеңін де, новелласын да, романын да жазды. Әділ ақынмен екі-үш рет жүздескенбіз. Сол кездері "Теңіздің дәмі - тамшыдан" дегендей оның қандай адам екендігін, қандай дарын иесі екендігін бірден-ақ аңғарғанмын. Ақын үшін бұрқыратып жазудың түкке де керегі жоқ. Мақсат ол емес. Тек ақынның артында аз болса да, оқуға лайықты жыр қалса, болды. Қазақта Әділдей із-түзсіз жоғалған ақын жоқ. Әділ - жалғыз",  - дейді ақын Темірғали Көпбаев.

Ұйымдастырушылар сахна төріне ақынның әкесін шығарып, қазақшалап шапан жапты.

Ақынның әкесі Әнуарбек ақсақал

"Әдекең өте дарынды кісі. Ол өлең жазғанда ерекше бір ойға шомып отыратын. Өлеңге адал кісі еді. Міне, бүгін оның аз ғана болса да өлеңдері кітап болып шығып жатыр. Мұндағы әр өлең адамның ойына, көңіліне қонымды дүниеге толы. Әдекеңнің бүгінде бір ұл, бір қызы өсіп келеді. Әдекеңе берілген өлең жазу құдыреті оның балаларына дари қоймады. Әйткенмен олар әкелерінің жырларын оқып, жаттап жүреді", - дейді ақынның жары.

Ақынның жары Гүлсім Ботпанова

Сахна төріне әкелерінің туындыларын оқуға көтерілген қос қарлығашты көріп көрермен өз Әділін көргендей болды...

Ақынның ұлы Әнуарбек Ақназар 

"Жүрегімнің түкпіріндегі ізгі арманым, әкеме деген сағынышым ерекше. Әкем мен 3 жаста, інім 1 жаста кетті. Содан бері оралмады...", - деп қыз жүрегі қақ айырылып, жанары жасқа малынды. 

 Ақынның қызы Әнуарбек Меруерт

Әке мейірімін аңсаған Меруерттің тебіренген сәтін көріп, көрермендер де көздеріне жас алды. 

Кеш барысында сахна төріне Ботпановтың бірге оқыған досы, ақын Маралтай Райымбекұлы шығып, өткен күндерден естелік айтты.

Ақын Райымбекұлы Маралтай

Әділ Ботпановтың "Сәлеметсіз бе?" деген өлеңіне ән жазған Қалдыбек Құрманәлі де әрі інісі, әрі досымен өткен қызыққа толы күндерін еске алып, жақсы естеліктерімен бөлісті. Болашақта ақынның өлеңдеріне тағы да ән жазып, оның ән болып әуелеген жырларының кешін үлкен көлемде өткізуге күш салатындығын айтты. 

Композитор Қалдыбек Құрманәлі

Кешке келген көрермен сахна төрінен осыдан жиырма шақты жыл бұрынғы ақындар бейнесін көрді. Олар Маралтай Райымбекұлы, Әмірхан Балқыбек, Бауыржан Бабажанұлы және кеш кейіпкері - Әділ Ботпанов. Композициялық қойылымды ҚазҰУ-дың "Біз" студенттер театры сахналады. Қойылымның жетекшісі - Бекзат Смадияр.

Шығармашылық кештің ең тәтті тұсы осы болды. 

Өмірінен өлеңін артық көрген ұлы ақын бүгін бар ма екен, әлде жоқ па? Көпке белгісіз бұл дарын иесі қашан келіп өз кітабын қолына алып, халқына жыр оқыр екен?

Мөп-мөлдір жырларын жаудырған Әділ Ботпанов "Қарашығым" деп қабырғасы қайысқан әкеге ғана емес, "Әдекем" деп қайғы жамылған жарға ғана емес, "Әкешім" деп жәудіреген балаларға ғана емес, "Қара өлеңім - қасиетім" деген қазаққа да керек. Әділдігі рас болса мына өмірдің, қазақ қайта Әділімен қауышса екен...

Дайындаған және суреттерді түсірген: Ақерке Әбілхан

4402 0
Рейтинг: +9

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 20 ақпан 2013, 21:00
Пікірлер
+0
20 ақпан 2013, 21:33

Бір өлеңін оқып беріңіздерші...

+0
20 ақпан 2013, 21:35

Тамаша материал! Жарайсың, Ақерке! Кештің куәгері сен ғана емес, біз де болған сияқтымыз

+0
21 ақпан 2013, 02:12

Жапырақ-ау, жапырақ, көшіп келген жат бақтан,
Мен сен үшін бас тартпаймын тақ, бақтан. Қажет етсем «кереметті» дәл сендей,
Жасап алам батпақтан. Сен ренжіме, мәңгі өлеңнің өрнегі, Буырқанған алапат күш мендегі.
Тегі бөлек Тәңірекең болмаса,
Менсінбейді пендені. Сыңар күлкі, сыңар бақыт, сыңар мұң,
Мен әу бастан жалғыздыққа құмармын.
Түптің-түбі тірі, өліден безініп,
Жалғыз мола жерленетін шығармын.
Ми қатпарын мың бір пері билейтін,
Мұны-дағы қай бір мықты күй дейсің.
Құдайсынып бес күн тірлік кешкен соң,
Боққа батқан құмырсқадай күйрейтін.
Бұл - сандырақ. Көңілімнің пырағы,
Шаршағанда сыңси салған бір әні.
Ал шынында қара қуыс кеудеме,
Бір жапырақ жетпейді де тұрады.
Жапырақ-ау, жапырақ...

+0
20 ақпан 2013, 21:47

суреттегі кітабын қайдан алса болады екен?

+0
20 ақпан 2013, 22:08

"Қазығұрт" баспасынан алуға болады...

+0
20 ақпан 2013, 22:43

Нұрхан кімнің рөлін сомдаған? Суреттерінен-ақ жақсы ойнағандары көрініп тұр)

+0
21 ақпан 2013, 11:20

Рөлдегі студенттердің дені 1-курстар. Нұрхан - Маралтайды, Сәкен - Ботпановты, Бекжан - Бабажанұлын, төртіншісі - Әмірхан Балқыбекті сомдады. Шынайы ақындардың болмысын ашты.

+0
20 ақпан 2013, 22:48

Керемет жаңалық екен

+0
21 ақпан 2013, 10:46

Керемет ретортаж, ұнады!

+0
21 ақпан 2013, 11:15

27 жасында жоғалып кеткен ақынды ортамызға қайта оралтқандай болды ғой. Авторға рахмет айтам.

+0
21 ақпан 2013, 14:23

жақсы дүние екен...

+0
23 ақпан 2013, 15:31

Өте жақсы материал! Бір әсерлі кеш болған екен. Қазаққа "Әділдей" ақын керек-ақ...

+0
23 ақпан 2013, 16:49

"ЖАБЫҚҚАНДА"
Жағыну, сірә, қолым ба еді,
Бұралаң соқпақ жолым ба тегі?
Бақыт көтермес бедеу жылдарым,
Қашанғы ұстар торында мені?!

Періште болман ар ұстанғанда,
Не бітірем деп намыстанғанда,
Май басқан тілмен маймөңкеледім,
Атағы дардай «данышпандарға».

Өз өршілдігін өшіре жүрек,
Асқақтығым да сетінеді кеп.
Жұбандым: «Халқым кешірімшіл ғой,
Кешіреді,-деп, - кешіреді» деп.

Иман мен арым көз ілсе дедім,
Пенделігімнің сезінсе көзін.
Кешірер халқым, кешіреді ғой,
Ал, бірақ, бірақ өзім ше?
Өзім?

+0
25 ақпан 2013, 11:47

Әділ ағамыз қайда жүрсе де аман болсын!
ал енді мынау сахнаны сомдап шыққан жұлдыздар біздің филфактың студенттері ғой... аааа жарайсыңдар!
Абайлаңдар сендерде бір жарқ етіп "Өмірзая" болып кетіп жүрмеңдер әйтеу....

+0
25 ақпан 2013, 11:47

Әділ ағамыз қайда жүрсе де аман болсын!
ал енді мынау сахнаны сомдап шыққан жұлдыздар біздің филфактың студенттері ғой... аааа жарайсыңдар!
Абайлаңдар сендерде бір жарқ етіп "Өмірзая" болып кетіп жүрмеңдер әйтеу....

+0
04 наурыз 2013, 23:25

"Түптің-түбі тірі, өліден безініп,
Жалғыз мола жерленетін шығармын" деп кетіпті шіркін...

+0
04 наурыз 2013, 23:28

Иман мен арым көз ілсе дедім,
Пенделігімнің сезінсе көзін.
Кешірер халқым, кешіреді ғой,
Ал, бірақ, бірақ өзім ше?
Өзім?"..............................................................................................................................................

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...