- Негізгі бет
- Жаңалық
- Ләйлә Сұлтанқызының жаңа...
Ләйлә Сұлтанқызының жаңа кітабын ұтып ал!
Қадірлі оқырман, елімізге танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының жаңа «Әйел» кітабы жарыққа шықты. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне орай байқау ұйымдастырып отырмыз. Әдебиет әлеміндегі әйелдер туралы мына 10 сұраққа жауап берген оқырманымыз Ләйлә ханымның қолтаңбасы қойылған кітап алу мүмкіндігіне ие болады.
Сұрақтардың барлығына (немесе ең көп сұраққа) уақыты бойынша алғашқы болып дұрыс жауап берген 3 қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Байқау шарттары:
– Байқау 15-18 қаңтар аралығында өтеді;
– Бейсенбі күні, яғни, 18 қаңтарда 18:00-де жеңімпаздар анықталады;
– Жеңімпаздарға Ләйлә Сұлтанқызының қолтаңбасы қойылған "Әйел" кітабы тұсаукесерде табысталады;
– Жауаптарды осы мақала астына пікір ретінде жазған адамдар ғана қатысушылар тізіміне енеді;
– Әлеуметтік желілерге берілген жауаптар есептелмейді;
– Мақала астында жазылған пікірлер ішінен уақыты бойынша бірінші болып қалдырылған, ең көп дұрыс жауап иесі жеңімпаз деп бекітіледі.
* Тұсаукесер 19 қаңтар күні, сағат 20:00-де, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 58, "Меломан GRAND" дүкенінде өтеді.
Ендеше, іске сәт!
1. Мына өлең жолдарын жазған қазақтың ақын қызы кім?
Адам деген бақыттан тұншығады, ә,
шырын сәтте бойында қан тасыған.
Біздер жаққа қарауға қымсына ма
- ай жатыр шалқасынан.
2. Агата Кристи романдарының кейіпкері – мисс Марплдың есімі кім?
3. Әйел теңсіздігі кезінде «қыз айттыру» салтының құрбаны болмай, алғашқылардың бірі болып сүйгеніне өз еркімен қосылған кейіпкер туралы шығарма?
4. Орыс поэзиясының күні – Александр Сергеевич Пушкин туындыларындағы жиі кездесетін әйел есімі?
5. Әлем әдебиеті классикасының теңдессіз туындыларының бірінде Квазимодо, Фролло мен Феб есімді кейіпкерлер ессіз сүйген ару кім?
6. Үш әйелге деген сезімін әңгімелеп келіп, у ішіп қайтыс болатын кейіпкерін әжесі айтқан аңыздағы жаратылысқа балап аяқтайтын шығарма?
7. «Барлық әйел зұлым келеді. Олар тек екі жағдайда жақсы болады: бірі – махаббат, екіншісі – өлім аузында», – деген Паллад сөзімен басталатын әлем әдебиетінің жақұты?
8. Сүйгеніне жету үшін өзі туралы аңыз таратып, бүкіл елді сендірген кейіпкері бар шығарма?
9. Мына өлең жолдары қазақтың қай сұлуының сипаттамасы:
Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
Балауыз балбыраған тәні қандай.
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сәні қандай.
10. Бұл қай роман кейіпкерінің сипаттамасы?
Ол кезде жасы он сегізге толар-толмас уылжыған қыз еді. Өмір деген өзің талпынсаң болды, бар жақсылығын алдыңа жайып салып тұратын ертегілердегі қайырымды да, данышпан қариялардай боп көрінетін. Барлық тәрбиесі дәулетті шаңырақтың ұл-қызындай, бұл да тек мектеп программасымен шектеліп қалмай, жаратылыс тану,ерте дүние тарихы, музыка пәндері бойынша қосымша сабақ алды. Әкесі аудан көлеміндегі басшысының бірі болып тұрған соң ба, ол өмірдің қабақ шытар өзге мінезінен мүлде аулақ өсті...
ЕСКЕРТУ: Жауабыңызбен қатар байланыс нөміріңізді қалдырыңыз.
А. Оралқызы