«Қазақ әдебиеті» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

«Қазақ әдебиеті» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды
Фото: aikyn.kz

Белгілі ақын, журналист Жанарбек Әшімжан «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Сонымен бірге ол Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, «Қаламгер – media» орталығының директоры қызметін қоса атқа­рады.

Ал, газеттің бұрынғы басшысы, жазушы Жұмабай Шаштайұлы еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанға» ауысты. Жанарбек Әшімжан «Қазақ журналис­тикасына сіңірген еңбегі үшін» төс бел­гісімен марапатталған. «Шабыт» халықаралық фестивалі Поэзия бөлімінің Гран-при иегері, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Алматы ақ­шамы», «Жас Алаш», «Жас қазақ» басылымдарында қызмет атқарған Жанарбек Әшімжан «Қазақ әдебиеті» газетін де жаңа белес­терге бастайтынына сенім білдіреміз! 

Ақын Жанарбек Әшімжанды Massaget.kz жастар порталы жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді.

Ж. Жұмағұлов