Ағылшын жазушысы Терри Пратчеттің аяқталмаған кітаптары жойылды

Ағылшын жазушысы Терри Пратчеттің аяқталмаған кітаптары жойылды

Ағылшын жазушысы Терри Пратчеттің аяқталмаған кітаптары өзінің өлер алдындағы өтініші бойынша жойылды.

Туындылар сақтаулы тұрған хард диск Great Dorset Steam Fair жәрмеңкесі шеңберінде автордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылар алдында сындырылды.  "Терри Пратчетт: Оның әлемі" экспозициясы  Солсбери мұражайында осы қыркүйек айынан бастап жұмыс істейтін болады. Ал, сынған диск қалдықтары экспонат ретінде сақталмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, Терри Пратчетт  2015 жылы 12 наурызда Ұлыбританияда көз жұмды. Ол – Ұлыбритания жазушысы, Британия Империясы орденінің офицері, фэнтези бағытындағы «Жазық әлемді» жасаушы. 

Терри Пратчетт өзі жасаған «Жазық әлемге»  қалыптасқан қаламгер, белгілі жазушы ретінде келді. Жазушының қаламгерінен туған алғашқы «Кілем адамдары» кітабы 1971 жылы жарыққа шықты. Оның соңынан «Күннің күңгірт беті» (1976) және «Страта» (1981) туындылары оқырманға жол тартты. Бірақ бұл романдардың бірде-бірі соншалық ерекше туынды бола алмады. Пратчетт бұрынғысынша газетте жұмыс жасай жүріп, бос уақытында прозаға қол ұратын журналистердің бірі болып қала берді. Жазушы өзінің бағытын «Сиқырдың түсі» деп аталған әңгімелер жинағынан тапты. Ол сауатсыз сиқыршы Ринсвиндтің зұлым істері жайлы сыр шертетін әңгімелерден құралған хикаяттан көрінді. Кітапта «фэнтези» деген жаңа сөз қолданылып, ол дәстүрлі, салмақты жазылатын романдарға пародия түрінде шығарылған осындай туындылардың анықтамасы бола бастады. Бұл жинақ жақсы сатылды. Соңынан «Сиқырдың түсі» шағын телесериал түрінде де экранизацияланды. Осының өзі-ақ Пратчетті жұлдызға айналдырып жіберді. 

А. Оралқызы