Күзде Гарри Поттер әлемі туралы жаңа кітаптар шығады

Күзде Гарри Поттер әлемі туралы жаңа кітаптар шығады
Фото: vk.com

"Философиялық тас" кітабының жарық көргеніне 20 жыл толуына орай күзде Гарри Поттер әлемі туралы жаңа кітаптар шығады.

Британиялық Bloomsbury баспасынан шығатын кітаптардың біріншісі "Гарри Поттер: Сиқыршылық тарихы — көрме кітабы" аталады. Ол Хогвартс сиқыршылар мектебінде оқытылатын пәндер туралы болмақ. Ал, екінші, "Гарри Поттер — сиқыршылық тарихына саяхат" кітабы көне сиқыршылық өнері, алхимия мен бір мүйізді аңыз жаратылыс туралы сыр шертеді.

Кітаптар презентациясы Британия кітапханасында өтетін "Сиқыршылық тарихы" атты көре шеңберінде өтеді. Жаңа кітаптарға Джоан Роулинг қолжазбаларымен қоса, суретші Джим Кейдің иллюстрациялары енгізіледі.

А. Оралқызы