Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / «Ұлт болмысы» байқауының бас жүлдесін ақын Ерлан Жүніс жеңіп алды

«Ұлт болмысы» байқауының бас жүлдесін ақын Ерлан Жүніс жеңіп алды

«Ұлт болмысы» байқауының бас жүлдесін ақын Ерлан Жүніс жеңіп алды

Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы бірлесе отырып ұйымдастырған «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым!» атты поэзия және проза жанрлары бойынша қаламгерлер арасындағы байқау өз мәресіне жетті. Байқау ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Ұлт болмысы» журналының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған еді.

Байқаудың мақсаты қалам  ұстап жүрген жастарға тәуелсіздіктің құндылығын арттырып, ел мен жердің тұтастығын, қазақ деген текті ұлттың болмысын кестелі жыр мен көрнекті шығармаға арқау ету болатын.

«Ұлт болмысы» байқауында поэзия жанры бойынша әділқазылар алқасы құрамында Жазушылар Одағаның мүшесі, "Қазақстан-Тараз" телеарнасының ардагер журналисі, ақын Ғани Әлімбекқызы, ақын, жазушы, Еуразиялық, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық, республикалық жырларының жүлдегері Ербол Бейілхан, ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, Халықаралық «Шығыс шынары» әдеби фестивалінің жүлдегері Бақытгүл Бабаш болды.

Проза жанры бойынша Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, «Алтын Адам» сыйлығының иегері,  «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, жазушы, «Тарлан-Үміт» сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,  Балалар мен жасөспірімдер басылымдарының «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры Жүсіпбек Қорғасбек қазылық жасады.

«Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым !» атты республикалық байқауда  поэзия жанры бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлдеге  Нұртас Тұрғанбекұлының «Ұлы ар» атты өлеңі ие болды. Ал, проза жанры бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлдеге Әсем Құрманованың «Сынған терезе» атты туындысы ие болды. Жүлделей 50 000 теңге сыйлықпен марапатталды.

Республикалық байқауда  поэзия жанры бойынша ынталандыру сыйлығына  Ұмтыл Зарыққанұлының «Желтоқсан деген алаң бар», Ерғали Бақаштың «Тәуелсіздік толғауы», Қайсар Қауымбектің «Жусаймын, анда-санда кісінеймін» атты өлеңі ие болды.

Проза жанры бойынша ынталандыру сыйлығына Асхат Бақытұлының «Теңіз толқынындағы тағдырлар», Қуаныш Бажақтың «Жалғыз қарағай», Алмас Мырзаның «Астана мазайкалары» атты әңгімесі ие болды. ІІІ орын иегерлеріне 75 000 теңгеден табысталды.

Поэзия жанры бойынша ІІІ орынға Наурызхан Ғазизұлының «Шекарашының монологы», Толқын Қабылшаның «Тәуелсіздік жайлы толғаныс» атты өлеңі ие болды.

Проза жанры бойынша ІІІ орынға Есболат Айдабосынның «Ұран», Ерболат Әбікенұлының «Бүркіт ұя» атты әңгімелері ие болды.

Поэзия жанры бойынша ІІ орынға Әскерхан Ақтайдың «Жұлдыздың асты біздің ел» атты толғауы иеленсе, проза бойынша Мұрат Алмасбекұлының «Бөрібас белгі» атты әңгімесі иеленді. ІІ орын иегерлері 200 000 теңгеден иеленді.

Поэзия жанры бойынша І орынға Сайрангүл Даханның «Ахметтің арманы» атты өлеңі ие болды. Прозада Анар Қабдуллинаның «Онлайын қыз» атты әңгімесі оза шапты. І орын иегерлері 500 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

«Ұлт болмысы» байқауының 1000 000 теңге тігілген бас жүлдесіне Ерлан Жүністің «Жалғыз сөздің өмірі» атты туындысы ие болды. Ақын республикалық байқаудың тұңғыш жеңімпазы атанды.

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 24 желтоқсан 2016, 18:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.