Нобель сыйлығы белгілі музыкант Боб Диланға бұйырды

Нобель сыйлығы  белгілі музыкант Боб Диланға бұйырды
Фото: likesuccess.com

Әдебиет саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығы белгілі америкалық музыкант Боб Диланға бұйырды. Швед академиясы бұл сыйлықты  "ұлы америкалық ән дәстүрінде жаңа поэтикалық сөз өрнектерін салғаны" үшін табыстағалы отыр. 

Сыйлықты табыстау рәсімі жылдағы дәстүр бойынша 10 желтоқсан Альфред Нобельдің дүниеден өткен күні Стокгольмде өтеді. Дилан Альфред Нобель бейнеленген алтын медальмен бірге 8 миллион швед кронын (шамамен $933,6) алады. 

Швед академиясы шешім шығарар алдында букмекерлер бұл сыйлықтың басты үміткерлері деп жапон жазушысы Харуки Муракамиді, кениялық жазушы әрі драматург Нгуги Ва Тхионгоны, Пулитцер сыйлығының лауреаты Филип Ротты, сондай-ақ сириялық ақын Адонисті атаған болатын. Бұдан басқа үміткерлер қатарында Томас Пинчон, Урсула Ле Гуин және Боб Дилан бар еді. 

Ж. Жұмағұлов