"Дарабоз дәстүр" жыр мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды

"Дарабоз дәстүр" жыр мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды

Тәуелсіздік күніне орай жас ақындар арасында ұйымдастырылған ұлттық спортты насихаттайтын "Дарабоз дәстүр" атты жыр мүшәйрасы мәресіне жетті.

Жыр мүшәйрасы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының 2014 жылғы ұлттық спорт үздіктерін марапаттауға арналған "Алтын тұғыр" шарасы аясында өтті. 

Байқаудың мақсаты - Ұлттық спорт түрлерін насихаттау арқылы жастардың дәстүрлі өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру; Жастардың отансүйгіштік сезімін көтеру; Еліміздің біртұтас мызғымас мемлекеттік идеясын насихаттау; Ұлттық рухты биіктету; Жастардың поэзияға деген құштарлығын арттырып, оларға қолдау көрсету; Мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, әсіресе, жас дарындарды анықтау.

Байқауға қатысқан өлеңдер 2014 жылдың 10 желтоқсанына дейін қабылданып, ulttyqsport.kz және kazaitys.kz сайттарында ашық түрде жарияланды.  Үміткер ақындардың өлеңдері «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында оқылып, арнайы сюжет жасалды.

"Дарабоз дәстүр" мүшәйрасына елуден астам ақындар өлеңін ұсынды. Ақындар мүшәйраға ұлттық спорттың кез келген түрін сипаттаған, ұлттық ойындар жайлы өлеңдерімен қатар еркін тақырыпта бір өлеңін жіберді.

Сонымен, байқау қорытындысы төмендегідей:

Бас жүлде - Қуаныш Қолхай (150 000 теңге)

Бірінші орын - Нұржан Байтөсов (100 000 теңге)

Екінші орын - Адал СағдатАйдана Сегізбаева (70 000 теңгеден)

Үшінші орын - Ербол АлшынбайРизабек Нүсіпбек (50 000 теңгеден)

Ынталандыру - Жәкеш ҒалымДастан Омаров (25 000 теңгеден)

Ілияс Жансүгіров атындағы арнайы жүлде - Ұлағат Ханзада (30 000 теңге)
Сәкен Сейфуллин атындағы арнайы жүлде - Қайсар Қауымбек (30 000 теңге)

Сурет: liveinternet.ru

Ш. Талап