Шабыт – 2014. Жеңімпаздар анықталған сәт

Шабыт – 2014.  Жеңімпаздар анықталған сәт

Астана қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ХVІІ Халықаралық «Шабыт – 2014» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» (Поэзия) аталымы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар анықталған сәттен репортаж ұсынамыз.

Бұл жолғы жыр додасында Ұлықбек Есдәулет, Бауыржан Қарағызұлы, Танагөз Толқынқызы, Ақберен Елгезек, Әнуар Омар сынды белгілі тұлғалар қазылық етті.

Байқауға қатысқан 100 ақынның ішінен жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпағаны анық.

Арнайы сертификатпен марапатталған – тараздық Наурызбек Сарша.

Арнайы сертификатпен марапатталған – алматылық Тұрсынбек Башар.

Арнайы сертификатпен марапатталған – қырғызстандық Жылдызбек Турсунбаев.

«Шабыт» фестивалінің дипломанты – Қуаныш Медеубаев. 

«Шабыт» фестивалінің дипломанты – алматылық Әріби-Әрібек Өр Алтай.

Астана қаласы әкімдігінің ҚР Халық жазушысы Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлығының иегері – алматылық Әлия Іңкәрбек.

«Жұлдыз» журналының Ғафу Қайырбеков атындағы арнайы сыйлығының иегері – көкшетаулық Саян Есжан.

Астана қаласы әкімдігінің Нағима Өтепова атындағы арнайы сыйлығының иегері – қырғызстандық Калича Жақыпова.

«Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» Интернет-жобасының Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлығының иегері – алматылық Бекзат Смадияр.

«Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» Интернет-жобасының Әбділда Аймақ атындағы арнайы сыйлығының иегері – алматылық Шерхан Талап.

«Фолиант» баспасының Кәкімбек Салықов атындағы арнайы сыйлығының иегері – Динара Мәлік.

«Ұлт» порталының Төлеужан Исмайылов атындағы арнайы сыйлығының иегері – тараздық Нұржан Қадырәлі.

ІІ орын иегері – тараздық Хамит Есаман.

І орын иегері – семейлік Олжас Қасым.

XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» («Поэзия») аталымы бойынша Гран-при иегері – түркістандық Батырхан Сәрсенхан.

Сурет: ©Мassaget.kz

Н. Айдархан