Massaget.kz тілшісі Шерхан Талап "Шабыт" фестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алды!

Massaget.kz тілшісі Шерхан Талап "Шабыт" фестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алды!

Шығармашыл жастардың «Шабыт» халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. Осы жылдың 3 қарашасы күні XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша байқау басталған болатын. Астана қаласы әкімдігі Астана қаласы мәдениет басқармасының, «Әдебиет порталы» Интернет-жобасының ұйымдастыруымен өткізілген байқауға 150 ақын талап білдіргенімен, қазылар алқасының талқылауынан тек 100 ақын ғана суырылып шықты. Жүзден жүйрік шыққан 50 ақын екінші кезеңге өткізіліп, үздік елу ақынның ішінен суырылып алға шыққан жеңімпаз ақындардың есімдері анықталды. 

Сонымен, XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» («Поэзия») аталымы бойынша Гран-при жүлдесін Түркістаннан келген талантты жас ақын Батырхан Сәрсенхан иеленді. Жүлделі І орынды ақын Олжас Қасым, жүлделі ІІ орын тараздық талантты ақын Хамит Есаман, жүлделі ІІІ орынды қарағандылық ақын Жадыра Байбұланова еншіледі.  
 
Халықаралық конкурстың арнаулы сыйлықтарының иегерлері:
 
Астана қаласы әкімдігінің ҚР Халық жазушысы Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлығының иегері – Әлия Іңкәрбек

Астана қаласы әкімдігінің Нағима Өтепова атындағы арнайы сыйлығының иегері – Калича Жақыпова 
 
«Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» Интернет-жобасының Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлығының иегері – Бекзат Смадияр

«Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» Интернет-жобасының Әбділда Аймақ атындағы арнайы сыйлығының иегері – Шерхан Талап

«Фолиант» баспасының Кәкімбек Салықов атындағы арнайы сыйлығының иегері – Динара Мәлік

«Ұлт» порталының Төлеужан Исмайылов атындағы арнайы сыйлығының иегері – Нұржан Қадырәлі

«Жұлдыз» журналының Ғафу Қайырбеков атындағы арнайы сыйлығының иегері – Саян Есжан
 
Ақпарат көзі: adebiportal.kz
Суретте: Шерхан Талап, сурет: ©massaget.kz
М. Оңғарова