Шабыт – 2014. «Шабыт» танытқан таланттар» атты көрме өтті (Фото)

Шабыт – 2014.  «Шабыт» танытқан таланттар»  атты  көрме өтті (Фото)

Астана қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ХVІІ Халықаралық «Шабыт - 2014» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» (Поэзия) аталымы бойынша конкурс басталды. Байқау аясында «Шабыт» танытқан таланттар»  атты  көрме ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Көрмеге Халықаралық «Шабыт»  шығармашыл жастар фестиваліне қатысып, көпшілік оқырманға танылған бір топ ақын-жазушылардың кітаптары қойылды. 

Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат - аталған фестивальдің мән-маңызын арттыру, осындай байқаулар арқылы болашаққа жол алған жастарға қолдау көрсету.

Естеріңізге сала кетсек, аталған байқау қарашаның 8-іне дейін жалғасады. Кеше байқауға қатысқан 100 үміткердің ішінен 50 ақын екінші кезеңге өтті. Бүгін екінші кезеңге өткен ақындар өлеңдерін оқып, байқауды әрі қарай жалғастырады.

Көрмеден суреттер:

Сурет: ©Мassaget.kz

Н. Айдархан