Қазақстан Жазушылар Одағына – 80 жыл

Қазақстан Жазушылар Одағына – 80 жыл

Биыл қарашаңырақ Қазақстан Жазушылар Одағына – 80 жыл. Бүгін, яғни 3 қараша күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында атаулы уақытқа орай салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Салтанатты шарада Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Мәдениет және спорт минстірі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Олжас Сүлейменов, КСРО-ның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов, Қазақстан Ғылым академиясының президенті, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Жұрынов құттықтау сөздерін сөйлеп, арнайы сыйлықтарын табыстады.

«Қазақ жазушылары қолына қалам ұстаған қаламгер қауымы да уақыт көшімен буыны бекіп, бұлшық еті шыңдалды. Еліміздің рухани өмірінің қара шаңырағына айналды. Қазақ қаламгерлері қазақ пен ғалам алдындағы адал міндеттерін адал атқару үстінде, олар қазақтың бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету жолында әрдайым алдыңғы лектен көрініп келеді», - деді Одақ төрағасы Нұрлан Оразалин.

Сурет: inform.kz

M. Auelkhan