«Шабыт - 2014» фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» аталымына қатысуға асығыңыздар!

«Шабыт - 2014» фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» аталымына қатысуға асығыңыздар!

2014 жылдың 3-8 қараша аралығында Астана қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ХVІІ Халықаралық «Шабыт - 2014» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» аталымы (Поэзия) бойынша конкурс өтеді. Байқауға қатысатын шығармаларды қабылдау уақыты аз қалды, - деп хабарлайды аdebiportal.kz.

Фестивалге қатысатын үміткерлер шығармаларын «Әдебиет порталы» Интернет-жобасына тіркелу арқылы қатыса алады. Шығармаларды қабылдау уақыты 2014 жылдың 10 қазаны күні сағат 15:00-ге дейін қабылданады.

«Әдебиет порталы» конкурсқа қатысушылардың өлеңдерін онлайн түрде ашық жариялауда.

«Әдебиет порталының» қазақ тілі нұсқасының редакторы Салтанат Қожа: «Халықаралық жыр додасының ақпараттық қолдаушысы – «Әдебиет порталы» интернет-жобасында күні бүгінге дейін әзірге 60 ақынның шығармалары жарияланды. Алда әлі жарияланбаған, 10 қазанға дейін жарияланатын 25 ақынның жырлары бар», - дейді.

«Әдебиет порталында» әзірге жарияланған «Шабытқа» қатысатын үміткер ақындардың тізімі:

1. Наурыз Саршаев (Тараз)

2. Хамит Есаман (Тараз)

3. Қуаныш Медеубаев (Қарағанды)

4. Мерген Тоқсанбай (Көкшетау)

5. Данияр Әлімқұл (Тараз)

6. Индира Кереева (Ақтөбе)

7. Жандарбек Жұман (Астана)

8. Нұржан Кадырәлі (Тараз)

9. Құндыз Жұбаева (Ақтөбе)

10. Мөлдір Айтбай (Қызылорда)

11. Асылбек Жаңбырбай (Маңғыстау)

12. Мақсат Күземхан (Қарағанды)

13. Айбек Молдабай (Астана)

14. Тұрсынбек Башар (Оңтүстік Қазақстан облысы)

15. Жасұлан Серік (Қызылорда)

16. Қабиден Қуанышбайұлы (Астана)

17. Айдана Сегізбаева (Шығыс Қазақстан облысы)

18. Нұрдос Кәрім (Қарағанды)

19. Қайрат Иманбек (Қарағанды)

20. Нұртас Тұрғанбекұлы (Алматы)

21. Сыйлыгүл Наурызбекқызы (Атырау)

22. Алпамыс Файзолла (Алматы)

23. Динара Мәлік (Астана)

24. Әлімжан Әлішер (Оңтүстік Қазақстан облысы)

25. Нұрлан Иса (Оңтүстік Қазақстан облысы)

26. Жұлдызай Ысқақ (Шығыс Қазақстан облысы)

27. Нұргүл Қалимолда (Атырау)

28. Мерей Қартов (Шығыс Қазақстан облысы)

29. Ершат қайболдин (Ақтөбе облысы)

30. Әлия Іңкәрбек (Алматы)

31. Қайрат Сейітқазин (Астана)

32. Еламан Хасенұлы (Павлодар)

33. Айжан Табаракқызы (Астана)

34. Ләззат Мақаш (Батыс Қазақстан облысы)

35. Мәрлен Ғилымханов (Батыс Қазақстан облысы)

36. Жарқыннұр Болысхан (Қарағанды)

37. Мақсат Дауылбай (Қызылорда)

38. Қажығали боранбай (Оңтүстік Қазақстан облысы)

39. Жасұлан Мақаев (Шығыс Қазақстан облысы)

40. Жомарт Зұлпыхар (Тараз)

41. Меруерт Мұхамадиева (Шығыс Қазақстан облысы)

42. Жұлдыз Ілебаева (Тараз)

43. Аслан Қанғожин (Қостанай)

44. Бауыржан Игілік (Шығыс Қазақстан облысы)

45. Марғұлан Ақан (Алматы)

46. Шерхан Талап (Алматы)

47. Мешіт Ғазизұлы (Қостанай)

48. Оразбек Сапархан (Алматы)

49. Айдана Серікқызы (Орал)

50. Олжас Қасым (Астана)

51. Мұқият Қойшыбайұлы (Арқалық)

52. Бағлан Аңқауов (Қостанай)

53. Бауыржан Әліқожа (Алматы)

54. Мирас Қадырмұрат (Талдықорған)

55. Жанерке Ғинаят (Батыс Қазақстан облысы)

56. Асылзат Жұмабай (Тараз)

57. Ризабек Нүсіпбекұлы (Астана)

58. Мейіржан Әлібеков (Астана)

59. Мұқағали Сейтқазы (Қарағанды)

60. Жадыра Байбұланова (Қарағанды)

Сондай-ақ, Салтанат Қожа: «Жоғарда жарияланған ақындар және zhusupova.saltanat@mail.ru почтасына өлеңдерін жіберген үміткер ақындар осы почтаға мына құжаттарды 10 қазанға дейін жіберулеріңізді сұраймын.

– Төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың көшірмесі;

– Диплом көшірмесі немесе оқу орнынан берілген анықтама;

– Ұйымдастыру комитетіне 2014 жылдың10 қазаннан кейін түскен өтініштер қаралмайды.

Бұл құжаттарсыз Сіз «Шабытқа» қатыстырылмайсыз!», - дейді.

Конкурстың жалпы ережесі.

Конкурстың талаптары:

1. Конкурсқа қазақ және орыс тілдерінде жазылған немесе осы тілдерге аударылған шығармалар (өлеңдер топтамасы, поэмалар) қабылданады.

2. Конкурсқа 16-32 жас аралығындағы барлық ұлттың өкілдері қатыса алады.

3. Шығармалар электронды түрінде shabyt2014@gmail.com қабылданады.

4. Конкурсқа материалдар 2014 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

5. Ұсынылатын шығармалардың көлемі: – өлеңдер топтамасы – 300 жолдан аспауы керек; – Поэма 700 жолдан аспауы керек.

6. Қолжазбалар қабылданбайды.

Конкурстың қаржылық шарттары:

1. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды конкурс пен фестивальға қатысудың барлық кезеңінде тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етеді.

2. Шетелдік қатысушылар ресми шақыру қағазы мен конкурсқа қатысушы мәртебесі бекітілгеннен кейін Қазақстанның елшілігінде төлқұжаты және визаны өзі рәсімдейді.

Сыйлықтар мен марапаттар:

Президент Кубогы;

Бас жүлде (Гран-при) – Лауреат дипломы, медаль және 250 000 теңге ақшалай сыйлық;

1 орын – Лауреат дипломы, медаль және 200 000 теңге ақшалай сыйлық;

2 орын – Лауреат дипломы, медаль және 150 000 теңге ақшалай сыйлық;

3 орын – Лауреат дипломы, медаль және 100 000 теңге ақшалай сыйлық.

Арнайы сыйлықтар:

 – Астана қаласы Мәдениет басқармасының мәдениет қайраткері Нағима Өтепова атындағы арнайы сыйлығы 50 000 теңге;

«Үздік әдеби шығарма» аталымында – ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық ақыны Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлық 50 000 теңге;

www.adebiportal.kz порталының атынан ақын, әдебиет сыншысы Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлық 50 000 теңге;

– Лауреат атағын ала алмаған, ақтық сынға қатысушылар дипломмен және «Халықаралық конкурс дипломанты» атағымен марапатталады.

Жүлде алған шығармалар белгілі әдебиет қайраткерлерінің пікірімен «Әдебиет порталында» жарияланады. 

Ескертулер:

«Шабыт» фестивалінің алдыңғы жеңімпаздары (Бас жүлде (Гран-при) және І орын) байқауға қатыспайды.

Қазылар алқасы:

Қазылар алқасының құрамы әдебиет саласында белгілі және танымал қайраткерлерден тұрады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.

Қосымша сұрақтарыңыз болса мына байланыс телефондарына хабарласуларыңызға болады:  8 778 999 85 89, zhusupova.saltanat@mail.ru

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: shabyt.astana.kz

Н. Айдархан