«Әдебиет порталының» таныстырылымы болып өтті

«Әдебиет порталының» таныстырылымы болып өтті

Кеше, 25 желтоқсан күні Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында «Әдебиет порталы» Интернет-ресурсының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Тұсаукесер рәсіміне ҚР Парламенті сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, ақын, драматург Нұрлан Оразалин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков қатысты. Таныстырылым тізгінін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев ұстады.

Алғаш болып «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшім сөз алып, «Әдебиет порталының» таныстырылымын жасады. Портал презентациясынан кейін сөз алған Алтай Әбибуллаев: "Менің ойымша, бұл жаңа әдебиет порталы - бүкіл қазақ оқырмандары үшін үлкен жетістік. Қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығын таныстыруға жаңа мүмкіндік ашылды.  Бұл тек қазақ оқырмандарына ғана арналған веб портал деп санамаймын. Жаңа портал қазақ әдебиетін байытып, рухани өмірімізді кеңейтітін болады," - деді.

Өз кезегінде ақын Нұрлан Оразалин: "Біріншіден, бұл - қазақ әдебиетінде болып жатқан үлкен жаңалық. Әдебиетті насихаттау үшін, кеңістігін кеңейту үшін, оқырмандарының қатарын молайту үшін жасалған игі іс деп ойлаймын. Портал ақты ақ, қараны қара, барды бар, жоқты жоқ деп айтып, әдебиет деген әлемді бүтіндеуге жұмылады деген үміттемін," - деді.

Тұсаукесер барысында М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы да сөз сөйлеп, порталмен бірлесе жұмыс жасап жатқанын, адағы уақытта тың дүниелермен толықтыра түсуге атсалысатынын жеткізді.

Жаңа жоба – қазақ елінің мәдени, тарихи және әдеби мұрасына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түкпіріндегі интернетті белсенді пайдаланатын көзіқарақты оқырман қауымның басын біріктіретін онлайн әдеби платформа. Веб-порталдың негізгі мақсаты – жас ақын-жазушыларға ақпараттық қолдау көрсетіп, қазақ әдебиетін интернет әлемінде жүйелі түрде насихаттау. Порталда қазақ және әлем әдебиетінің үлкен электронды қоры жинақталған. Әдебиетшілер мұндағы кітаптарға онлайн түрде пікір, рецензия қалдыра алады. Портал энциклопедиялық қызмет атқарады. 

«Әдебиет порталы» – әдебиет сүйер қауым үшін еліміздегі мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау ісінде зор үлес қосатын ерекше жоба болатынына сенеміз.

Massaget.kz жаңа жобаға сәттілік тілейді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: жеке мұрағаттан

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың ұлттық сусындары
Қазақтың ұлттық сусындары
Әлемдегі кітап мұрағаты мол кітапханалар
Әлемдегі кітап мұрағаты мол кітапханалар
Иманбек Usher және Marshmello-мен бірге ән жазды
Иманбек Usher және Marshmello-мен бірге ән жазды
"Телқоңыр" күйінің шығу тарихы
"Телқоңыр" күйінің шығу тарихы
Балаға қатысты салт-дәстүрлер
Балаға қатысты салт-дәстүрлер
Дәрігерлерге үстемеақы жыл соңына дейін төленеді
Дәрігерлерге үстемеақы жыл соңына дейін төленеді