Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / Бүгін – Төлен Әбдік 71 жаста!

Бүгін – Төлен Әбдік 71 жаста!

Бүгін – Төлен Әбдік 71 жаста!

Төлен, Төлен…

Өлең боп,

Тал бойыңды,

Тербетіп тұр –

Парасат патшалығы!

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Бүгін - қазақ топырағында алаш арыстарының бірі дүниеге келген күн. Дәл осы күні, 1942 жылдың 4 қыркүйегінде Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында Төлен Әбдікұлы дүние есігін ашты.

1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіреді. 1965–1970 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1970–1977 жылдары «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977–1979 жылдар ішінде «Қазақфильм» киностудиясында Бас редакторы болып қызмет атқарады. 1979–1990 жылдары Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметке тағайындалады. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып қызмет қылады 1993 жылдан ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметке орналасады.

Шығармалары 1964 жылдан бастап жариялана бастайды. «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987), «Парасат майданы» (2002) романдарын жарық көрген. Әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шықты. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударылды.

Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Төлен аға, шығармаңыз оқырманды «кір жуғыш ма­шинадан шыққандай» тазартып, жан әлемін жадырата берсін! Өзіңіз қалаған, өзіміз қалаған азаматтық қоғам орнасын!

* * *

"...Ұлтты сүюді нағыз ұлтжандылардан үйрену керек!"

"...Адам кісілік келбетін жоғалтпау үшін іштей іздену керек. Ке­мелдену керек. Сонда оның адамгершілік, қиянат деген этикалық категорияларға көзқарасы дұрыс қалыптасады. Ол қалыптаспаған кез­де адамға әркім, әрнәрсе ықпал етеді. Өмірдің заңы осындай. Өмір – ғажап, бірақ, оны азапқа айналдыратын – адамның өзі".

"...Ең жаманы – «ел үшін еңбек етеміз», «халықтың қамы үшін» деген даурықпа ұран, көлгірсу, бас­шыны көпе-көрнеу мақтау жастарға дендеп барады. Алашқа азап берген, арысыңды атқан, соны ұстатуға жағдай жасағандар біз үшін әлі баяғысынша керемет. Кейбіреу нені қадірлеп, неден жиренуді әлі айыра алған жоқ. Жақсы мен жаман ми-батпақ болып араласып, бір жағы ел болуға тырысып жатса, бір жағы жең ұшынан жалғасып, тышқаншылап тырбаңдап жүр".

"...Әдебиет пен өнерде «ұлтты қорлады» деген сөз болуға тиісті емес. Олай болмайды! Себебі, әдебиет біреуді тәрбиелеу үшін не болмаса, ұлтты көтеру үшін жазыл­майды. Жазу жазған кезде сенің алдыңда ең үлкен төреші жалғыз Құдай тұрады. Сен соған ғана жүгіне аласың. Қолыңнан шыққан дүниенің ақиқаты мен жалғанына Жаратушының алдында ғана жа­уап бересің. Ал, шындық, дәлдік – өмірдің ақиқаты, ол ұлттық мүддеге қайшы келмейді".

"...Құдайдың бар-жоғына таласу мүмкін емес. Құдай сенген адамға бар, сенбеген адамға жоқ. Ізгілік те сол секілді, сенсең – бар, сенбесең – жоқ".

* * *

Мұхтар ШАХАНОВ, ақын:

– Төлен – менің ең жақын досым, аз ғана сырластарымның біреуі... Төлен екеуміздің ойы­мыз бір, мүддеміз қашан да ортақ. Жү­ре­гіміз бен тілегіміз де бір мақсат үшін жұмылған. Осы бірлігіміз ажырамасын.


Әшірбек СЫҒАЙ, жазушы:

– ...Төлен Әбдік – шын жазушы. Жазушы – дәуір мен дә­уір­ді, ғасырлар мен ғасырларды байла­ныс­тыратын, таудан тас құлатқандай, зеңгір аспанда қолымен бұлт қайыр­ғандай ғаламат күш иесі, алып әрекеттің адамы. Ал Төлен осы айқындауыштың бар­лығына сыяды. Үйде отырып, әлемді қиялымен кезіп, керемет суретті көз алдыңа келтіретін қасиеті бар жазушы­лардың бірі осы Төкең десем қателес­пеймін. Төленнің шығармаларында оқи­ғалар басқа елде өтіп жатқанымен, он­да­ғы мінез бен көрініс біздің қазақтың болмысынан ешқашан алшақ кеткен емес. Мәселен, «Оң қолды» оқыған кез­де мен өзімнің оң қолымнан бір айға дейін сескеніп, шошып жүрдім. Міне, шығарманың күші-қуаты осылай болуы керек. «Айтылмаған ақиқат», анау «Өлі­ара» романы, «Көктерегін» алыңыз, қай-қайсысында да жазушының ой ұшқыр­лы­ғы алдыңғы кезекте тұрады. Тұтас пси­хологиялық шендесудің шебер құ­ры­лымдары бар. Бұл – Төленнің табиға­тына тән дүние. Әйтпесе жыл сайын кітап жазатын жазушыларды көріп жүр­міз, тындырғаны шамалы...

Деректер қазақ тілді БАҚ құралдарынан алынды

Сурет: Нұрғиса Елеубеков

1846 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2013, 14:00
Пікірлер
+0
04 қыркүйек 2013, 14:31

Мықты қанатты сөздер айтыпты. Әрқайсымен келісемін!

+0
04 қыркүйек 2013, 15:07

шынымен де керемет айтыпты,

+0
04 қыркүйек 2013, 15:07

Айтпақшы осы кісінің қызы КазҰУ-да сабақ береді

+0
04 қыркүйек 2013, 16:30

Ағайдың, "Қонақтарындағы" Ерғабыл атаны қатты жақсы көремін)

+0
24 қазан 2013, 15:09

Қазақ әдебиетіндегі көзі тірі санаулы классиктердің бір де бір егейі. қызыл орыстар ысқырып тұрған дәуірде "Тозақ оттары жымыңдайды" деген атақты повесті арқылы ҚАЗАҚ даласының отарлану барысын ҮНДІСТЕР тағдырымен бірлестіре жазды. Өз басым тік тұрып құрметтеймін екі адамның бірі осы кісі.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев