Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Уақыт туралы тәмсіл

Уақыт туралы тәмсіл

Уақыт туралы тәмсіл

Кішкентай Балақай күні-түні өмірге қуанып, күліп-ойнап жүрді. Қасына үнемі Уақыт ерді. Сеп-семіз, топ-толық, үп-үлкен Уақыт көп болатын. Уақыт деген бәріне, барлығына жетіп артылатын: балалармен футбол ойнауға да, теледидар көруге де. Және Балақайдың - Уақытпен, Уақыттың - Балақаймен еш шаруасы болмайтын.

Балақай ер жетті. Дос-жарандар, құрбы-құрдастар пайда болды. Іс деген атау қосылды. Әр Іске көп Уақыт қажет еді. Бала Уақыттан аздап кесіп алуды әдетке айналдырды: көлік жөндеуге, қызбен қыдыруға. Уақыт Бала артынан ере беруден шаршамады - Уақыт бар-тұғын. 

Дос-жаран, ағайын-туыс, құрбы-құрдастар Балаға өз мұңдарын шағып келе бастады. Олардың әрқайсысына Уақыт қажет-тұғын. Бала өз Уақытын өлтіруге әрқашан құлық білдірмесе де, өзгелер көмектесіп жатты. Бірде көршісі келіп, өсек айтып кетсе, енді бірде дос баласы қала аралауға алып шығатын. Одан қалды әр күн сайын өз дегендерін жасап үйренген теледидар, компьютер, телефон деген құбыжықтар бар-ды. 

Өзгелер кеміріп жатқан, өзі де ұрлап тұратын Уақытқа ара-тұра көз тастайтын болды. Бірақ, еш нәрсе демейтін: болмайды... онда... мұнда дегендей. 

Ақыры Уақыт өлді. Ендігәрі Уақыты қалмады. 

Баласы келіп сұрады:

- Әке, саябаққа ма, киноға ма барып қайтайықшы!

Ол оған:

- Кешір, ұлым, менің уақытым жоқ! - деді.

 

Әкесі қоңырау шалып, сұрады:

- Қалайсың? Хабарласпай кеттің ғой?

- Кешір, әке, менің уақытым жоқ.

Уақыт - көзге көрінбейтін ең қымбат әрі ең бағалы қор. Оны басқара біл. Алда мақсаттар болсын. Өмір мен жарқын істерді жобала. Бір күні бәріне, барлығына жететін Уақыттың күлімдеп тұрған жүзін көр!..

сурет:blogs.privet.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

6469 4
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 02 сәуір 2013, 12:36
Пікірлер
+0
02 сәуір 2013, 13:12

Уақытты жеткізе алмауымыз ниетімізден ғой..

+0
02 сәуір 2013, 15:45

әй уақыт - ай уақыт

+0
02 сәуір 2013, 16:13

жұлқынып тұрған жас кезіңде бәрін істеп алғың келеді ,әттең ..........

+0
03 сәуір 2013, 18:20

Сізбен толық келісемін Айкона!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...