Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар

Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар

"Ауру – астан" демекші, дұрыс тамақтану мен орынды ас ішу – адам денсаулығының басты кепілі. Осыдан дұрыс тамақтану жайлы ғасырлар бойы жиналған халық қазынасынан білім алып, өмірлік ұстанымға айналдырудың асы маңызды екенін түсінеміз. 

Нақыл сөздер

Егер ел-жұрт әбден қарны ашқанда ғана ас ішсе, таза да кенеулі, жеңіл-желпі қоректенсе, олар ауру дегенді атымен білмей өтер еді, жаны мен тәнін ырқына көндірер еді.

Л.Толстой

Тамақ неғұрлым жеңіл-желпі болса, соғұрлым жағымды – мезі қылмайды, соғұрлым денің сау, соғұрлым кез келген жерден кез келген уақытта тамақ табу да оңайырақ.

Л.Толстой

Астың залалдысын асай салғаннан аш отырған артық.

Хуан-Мануэль

Апыл-ғұпыл іскен ас – асқазанға түскен тас.

М.Әлімбаев

Қанағат – табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы.

Абуль Фарадж

Ас десе, асты-үстіне түсіп құлқын құру айуандық болса, кекірейіп тамақ татпау – ноқайлық; кез келген жердегі секілді мұның да ақиқаты екіжақты: тым құнықпа, ас ішуді де ұмытпа.

И.Павлов

Қазақ мақал-мәтелдері

Ас – адамның арқауы.

Сіңбес астың бөгеуі көп.

Шұбат – қуат.

Күйі жоқ ит те жүгірмес.

Ет – етке,

Сорпа – бетке.

Ас жақпаған ауру өледі.

Арпа, бидай – ас екен, алтын-күміс – тас екен.

Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.

Таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.

Кешкі асқа қарағанның түні қараң.

Қырғыз мақал-мәтелдері

Күнде ет жеген кісі мал баға ма?

Айын ет жемеген кісі жан баға ма?

Қымыз – кісінің қаны,

Ет – кісінің жаны.

Бұйырмаған асқа мұрын қанайды.

Май-талқанды ішіне жаққан жейді.

Татар мақал-мәтелдері

Қадірін білмеген құдық суы да арам.

Май жегеннің жүрегі сазбас.

Ешкінің еті – желге, сүті – емге.

Сүт пен қатық –

Ішке жатық.

Тынымы жоқ тойда өлер.

Аш жесе бір тояр,

Аш көз өле-өлгенше тоймас.

Арам ішті теседі.

Жегеніңнен жейтінің көп болсын.

Орыс мақал-мәтелдері

Ішіп-жемің қандай болса,

Күнкөрісінің де сондай болар.

Дәмді тағам – денсаулықтың негізі.

Диірмен тасымен,

Адамзат асымен.

Түстік болса кезінде,

Кешкі асың өзіңе.

Үй таза болса – іші сая,

Ыдыс таза болса – асы дәмді.

Дастархан ортақ – дәм тәтті.

Тақсіреттің жөні бір басқа,

Тамақтың жөні бір басқа.

Сау болам десең,

Сарымай же сен.

Аштық – асқан аспаз.

Құдамыз аш,

Ойлағаны – ас.

Пияз бенен сарымсақ –

Шипа-дәру ауырсақ.

Қонағыңа балыңды бер көктемде,

Сүтіңді құй сарғайған күз жеткенде.

Әлем халықтары мақал-мәтелдерінен

Май жегенді май басар. (Грузин)

Азға үйренсең қарның ұзақ ашпас,

Мешкейлікке салынба – құтың қашпас. (Вьетнам)

Асқазан – ақылсыз кеңесші. (Неміс)

Әсіре тәтті – ащы запыран. (Француз)

Түстігіңді бөлсең, кешкілігіңе де қалады. (Араб)

Сыбағаңа тигенін

Іше берме, жей берме.

Мынау әсем дүниені

Мал қора екен дей көрме. (Шығыс даналығы)

Артық байлық адамды ит қылар (Дарғын)

Дүниеқоңыздың баласы дырдушыл болып өседі. (Ағылшын)

Жау қолынан өлгеннен жалмауыздықтан өлген жан көп. (Ағылшын)

Шикі тері илесең, ұлтан болар.

Нәпсісінен тиылған – сұлтан болар. (Өзбек)

Қомағайлық қор қылар. (Өзбек)

Жауын – көгалға

Қалжа – адамға. (Тува)

Қызыл ет жоқта қызылша да қазыдай. (Парсы)

Ащы тұз асқа дәм берер. (Парсы)

Сусағанның түсіне сылдыраған су кіреді. (Парсы)

Балық жесең, бабын біл. (Ахмар)

Шәйнегі сәнді болса, шайы дәмді. (Жапон)

Тамақты тартына ішсе, тәнің сау. (Үнді)

Шамадан асса, шырын да – зәр. (Үнді)

Түбінен тат балдың дәмін,

Бетінен тат майдың дәмін. (Түрік)

Көзіңе көрінгенді көмейге тыға берме. (Карел)

Аштықта аял жоқ. (Осетин)

Ағаштың тіреуі – тамыры,

Адамның тіреуі – азығы. (Абхоз)

Жатарда жеген бойға жұқпас. (Армян)

Тәбет деген дәм татудан басталар,

Ұрыс-керіс сөз қатудан басталар. (Араб)

Ауқаттанған кезде

Үрмес иттің өзі де. (Грузин)

Кешкі асты қысқарту – кешер күніңді ұзарту. (Неміс)

Жақсылап шайналған ас – жартылай қорытылған ас. (Неміс)

Табаққа төнгеннің тәні сау. (Еврей)

Өлтірмеген ас өзек жалғайды. (Испан)

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті
20 жыл ішінде әлем 100 миллион гектар орманнан айырылды
20 жыл ішінде әлем 100 миллион гектар орманнан айырылды
Әлемнің ең кәрі тұрғыны өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд жаңартты
Әлемнің ең кәрі тұрғыны өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд жаңартты
"Балмұздақ, зейнетақы, көкжиек": Ісләм Жарылғаповтың сөз маржандары
"Балмұздақ, зейнетақы, көкжиек": Ісләм Жарылғаповтың сөз маржандары
Тәбәрік деген не?
Тәбәрік деген не?