Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Абайдың нақыл сөздері

Абайдың нақыл сөздері

Абайдың нақыл сөздері

Абай атамыз – дүниенің бар шындығы мен ақиқатын бір ауыз сөзге түйіндеген дана адам. Оның ұлағатты сөздерінде түсінем деген жанға қаншама даналық пен кемеңгерлік жатыр. Бүгін сіздерге Абайдың жүрек, ақыл, мінез жайлы жазған нақыл сөздерін ұсынамыз.

1. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.

2. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.

3. Баланың мал табары болады, мал шашары болады.

4. Өзің мал таба алмасаң – балаң мал тапсын.

5. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

6. Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек – бұлар жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі.

7. Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды.

8. Адам ақысыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.

9. Есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді.

10. Құдайшылық – жүректе.

11. Жаманмен салысып жақсы болмайсың.

12. Көпке қорлық жүрмейді.

13. Құдайдан – қорық, пендеден – ұял: бала бала болсын десең оқыт, мал аяма!

14. Надан ел – қуанбас нәрсеге қуанады, ұялмас нәрседен ұялады.

15. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.

16. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпен өмір өткізгенше – малды не жерден сұрау керек, не маңдай терден сұрау керек.

17. Шара мейір шала байқалады.

18. Тура жолдағыны шатастырушы жүз кісі – қисық жолдағыны түзеткен бір кісіден садаға кетсін.

19. Өзің құрметтемеген нәрсеге – бөтеннен қайтіп құрмет кұтесің.

20. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: turaninform.kz
Қосылған күні: 23 ақпан, 12:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.