Бернард Шоу: "Өзіңнің, сөзіңнің, ойыңның қадірін біл"

Бернард Шоу: "Өзіңнің, сөзіңнің, ойыңның қадірін біл"
Фото: interesnyefakty.org

Джордж Бернард Шоу – ирландиялық драматург, жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты.

►  Ойланбастан сөйлей салсаң, ойыңдағыны ашып айттың деген сөз.

►  Көп адамды өзіне еш қатысы жоқ нәрсе көбірек қызықтырады.

► Өзі өтініп сұрамаған адамға көмектесуге асықпа, алдыңа келмеген жанға кеңес берем деп килікпе. Өзіңнің, сөзіңнің, ойыңның қадірін біл.

►  Менің қалжыңдау тәсілім – бұл тек шындықты айту. Өмірде одан асқан күлкілі әңгіме жоқ.

►  Достар ренжіскенде бір-бірін жоғалтады деп ойлаушы едім. Жоқ, олар іске, ақшаға, уақытқа келгенде екіге айырылады екен.

►  Сөйлеуді үйрендің бе, демек өстің. Үндемеуді үйрендің бе, демек ақылың кірді.

►  Әуеде құстай ұшуды, суда балықтай жүзуді үйрендік. Енді бізге бір ғана өмірді адамша сүруді үйрену қалды.

►  Адам кірпіш секілді, күйдірген сайын ысылады.

►  Сізде де, менде де алма бар дейік, екеуін ауыстырып алсақ, сізде де, менде де бір-бір алмадан болады. Ал егер сізде де, менде де идея бар болса, оларды алмастырып алсақ, екеумізде де екі-екі идеядан болады.

►  Сүйгеніңізді алуға тырысыңыз, әйтпесе алғаныңызды сүюге тура келеді.

►  Қолынан іс келетін адам әрекет етеді, қолынан түк келмейтін адам өзгелерге үйретумен болады.

►  Жалғыздыққа шыдап, одан ләззат ала білу – нағыз ерлік.

►  Шынайы болу қауіпті, оның үстіне ақымақ болсаңыз, тіпті қорқынышты.

►  Нағыз еркек – өз әйелін ең жақсы әйел деп есептейтін азамат.

►  Еңбегіміз сіңбеген бақытты иемденуге хақымыз жоқ.

►  Әлем жұмыс істемей-ақ ақша тапқысы келетін жалқаулар мен байымай-ақ жұмыс істей бергісі келетін ақымақтардан құралады.

►  Өтірікші үшін ең ауыр жаза – адамдардың оған сенбеуі емес, өзі ешкімге сене алмауы.

►  Би – көлденең құштарлықтың тігінен бейленген көрінісі.

►  Күйеулеріңді сүйіңдер. Олар сендердің махаббатарыңа мұқтаж. Тіпті мұны өзі мойындамаса да солай. Әр ұлы азаматтың артында оны шын беріле сүйген, сенген әйел тұрған.

@. @assel_assanova