Джек Ма: "Ақымақтар ғана сөйлеуге аузын пайдаланады"

Джек Ма: "Ақымақтар ғана сөйлеуге аузын пайдаланады"
Фото: hbr-russia.ru

Джек Ма – атақты қытай миллиардері. Қазіргі таңда оны танымайтын адам кем де кем шығар. Алайда ақша ұғымына қатысты айтқан нақылдарын көпшілігі біле бермеуі мүмкін.

►  Егер өз кәсібіңізді бастасаңыз, тұрақты табыстан және жылдық бонустан бас тартасыз.

►  Бізге ақша әрдайым жетеді, жетпейтіні – өз арманы үшін өлуге дайын адамдар.

►  Ең жақсы адамды емес, жөні түзу адамды іздеңіз.

►  Әлемге сіздің сөзіңіздің түк мәні жоқ, ісіңіз маңызды.

►  Қай жерде еңбек бар, сол жерде мүмкіндік бар.

►  Ешқашан байқап көрмесеңіз, мүмкіндік бар-жоғын қайдан білесіз?

►  30 жасқа дейін кішігірім компанияда жұмыс істеп, кәсіби мамандардан тәжірибе жинап, армандауды үйреніңіз.

►  35 жасқа жеткенде әлі де кедей болсаңыз, сіз сол жағдайға лайықтысыз.

►  Ешқашан берілмеңіз, бүгін қиын, ертең одан да қиынырақ, ал арғы күні бұлт артынан күн шығады.

►  Бәсекелестер туралы ойламаңыз, тұтынушылардың қамын басты назарға алыңыз.

►  Бірінші орында – тұтынушылар, екінші орында – әріптестер, үшін орында ғана – акционерлер тұруы тиіс.

►  Егер бәсекелесіңіз сізден күшті болса қорықпаңыз, осал болса да оған теңдей қарауыңыз керек.

►  Айналаңыздың барлығына дұшпандай қарасаңыз, олар шынында да сіздің жауыңызға айналып шыға келеді.

►  Нағыз кәсіп иесінің жауы болмайды. Осыны түсінген сәттен бастап сізді ешкім де тоқтата алмайды.

►  Ақымақтар ғана сөйлеу үшін аузын пайдаланады, ақылдылар басымен сөйлейді, данышпандар жүрек сөзін ғана айтады.

@. @assel_assanova