- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Үнді даналығына үңіліңіз...
Үнді даналығына үңіліңіз
Біз өткен жолы шығыс даналығы жөнінде айтқан едік. Бүгін сіздерге үнді даналығын ұсынамыз. Бұл – Орта Азияда, Үндістан түбегінде орналасқан халқының саны бойынша 2 орында тұрған ірі мемлекет. Бұл ғылым мен мәдениеті ертеден қалыптасқан ежелгі ел. Таңғажайып сезімдер сыйлайтын, тағдыры тереңнен тамыр алатын Үндістанның даналығы не дейді екен? Оқып көріңіз!
***
Жер бетіндегі соңғы ағаш кесілгенде, соңғы өзен ластанғанда, соңғы құс ұсталғанда ғана адамдар ақшаның жеуге жарамсыз екенін түсінеді.
***
Адам бала кезінде – әкесі мен шешесі туралы ғана, жастық шағында – ғашығы туралы ғана, қартайғанда –балалары туралы ғана ойлайды. Сөйтіп, оның өзі туралы ойлауға қолы тимейді.
***
Адамды білгің келсе, оны ашуландыр. Адам – ыдыс секілді, іші неге толы болса, соны төгеді.
***
Ақылды, әрі адал адаммен дос бол. Ақылды, әрі арам адамнан сақ бол.
***
Сен туғанда жылап жаттың, ал әлем қуанып жатты. Өлерде сен қуанып, әлем жылап жататындай өмір сүр.
***
Менің артымнан жүрме, мен сені адастыруым мүмкін. Менің алдыма түспе, мен сені аңдуым мүмкін. Менімен бірге жүр, бәрін жеңеміз!
***
Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын.
***
Жұрттың көңілін өзіңе аудару үшін биікке шығуың керек.
Ж. Жұмағұлов