Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Қыз бала ма, ұл бала ма?

Қыз бала ма, ұл бала ма?

Қыз бала ма, ұл бала ма?

Екі ай бұрын келін түсіріп, ұлан-асыр той жасап, алғашқы баласын аяқтандырған шаңырақтың екінші ұлы да ағасының жолын қуып, отау құрғысы келетін сүйінші хабарын айтады. «Тойдың болғанынан боладысы қызықпен» жүріп, екінші тойды да ойдағыдай өткізеді.

Қос қуанышқа тағы бір той қосылып, үлкен ұлы енші алып, бөлек шығады. Өз алдына жеке шаңырақ көтергенде есік көрсету тойын жасап, ырым-жырымын толық орындап болса да, үйге келді-кетті адам аяғы басылмайды. Бірде танысқалы келдік деп жаңа көршісі есік қақса, енді бірде қоныс тойларыңа келе алмап едік деп кәрі нағашысы келеді.

Қонысқа құт әкелетін қонақтардан өзге жаңа үйдің есігін қағып, мазалаушылар көбейіп кетеді. Бір күні ері мен зайыбы ақылдасып, бүгін ешкімге есік ашпаймыз деп шешеді. Сөйтіп отырғанда аяқ астынан жігіттің ата-анасы келіп қалады. Келісімді бұзбайық деп есікті ашпайды. Қағып-қағып, кетіп қалады.

Енді тынышталдық па дегенде, тағы есік қағылады. Есіктің кішкене тесігіне көз салса, қыздың әке-шешесі екен. Есік біраз уақыт қағылған соң, қыз ашайық деп жалынады. Қыздың жүрегі жұқа ғой, көз жасына ерік беріп, ақыры күйеуін есікті ашуға көндіреді.

Бұл оқиға ұмытылып кеткендей болды. Арада аунап айлар, жылжып жылдар өтті. Жас шаңыраққа бірінен соң бірі шекесі торсықтай төрт ұл келді. Төрт ұл қарындасты болды. Сол күні әкесі ерекше қуанып, естен кетпес той жасады. Келген қонақтар:

– Азамат-ау, дүниеге төрт ұлың келгенде бұлай қуанбап едің, қыз балаң үшін осынша қуанғаныңның сыры неде? – деген сұрағына,

– Ертең маған есік ашатын жан келді өмірге, – деп қыз баланың қайырымдылығын астармен жеткізген екен...

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: elenasycheva.kz
Қосылған күні: 25 ақпан 2016, 00:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.