Ой салатын насихат сөздер

Ой салатын насихат сөздер
Фото: kita.com.ua

Өмір болғасын ақ пен қараның, қуаныш пен қайғының қатар жүруі заңдылық болып есептеледі.

Біз бұл жазбамызда өмірде қажет болатын бір топ қанатты сөзді ұсынуды жөн көріп отырмыз. 

1. Ешқашан сараң болмаңыз – екінші мүмкіндік беріңіз. Бірақ ешқашан үшінші рет мүмкіндік беретін ақымақ болмаңыз.

2. Бір қателікті екі рет қайталауға болмайды. Екінші рет – қателік болып есептелмейді. Ол – таңдау.

3. Егер қатты және тәтті ұйықтағыңыз келсе, өзіңізбен бірге төсекке таза арыңызды алып жатыңыз.

4. Өмірлік сұрақтарға келгенде ер адам берік, қатты болғанмен, өзінің әйеліне жұмсақ болуы керек.

5. Сөз - кілт секілді. Ретін тауып, кез келген жүректің құлпын ашуға және кез келген ауызды жабуға болады.

6. Сізді тек жоғарыға қарай жетелейтін жандармен дос болыңыз. Себебі төменге тартқысы келетін адамдар толып жатыр.

7. Егер өмірде әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де сізге күліп қарайтын болады.

8. Өзіңіздегі өзгерісті байқау үшін еш нәрсе өзгермеген жерге барған дұрыс шығар.

9. Сіз биікке көтеріліп келе жатқанда көптеген адамды кездестіресіз. Бірақ оларды ренжітпеңіз. Өйткені төмен құлап келе жатқанда да оларды кездістіруіңіз ғажап емес.

10. Дұрыс жолға түсу үшін алдымен адасып көру керек.

11. Алма ағашын шайқаудың қажеті жоқ. Ол піскеннен кейін өзі-ақ түседі. Өмірде бәрі осы секілді өз орнымен, өз уақытымен болады.

12. Басыңызға түскен барлық ауыртпашылықтардың салдарынан шыдай алмай кететін кездер болады. Бірақ ешқашан шегінбеңіз, берілмеңіз. Өйткені дәл осы кезде тағдырыңыз күрт өзгеріп кетуі мүмкін.

13. Ащы шындықты айту үшін ғана асқан батылдық керек.

14. Қолдағы барыңызды бағалай білуіңіз керек. Әйтпесе, ертең одан да айырылатын күн туады.

15. Бәрі де мүмкін. Ал мүмкін емес болып көрінетін нәрселерге тек көбірек уақыт керек.

16. Біреулерге ашуланған әр минутыңызда сіз енді ешқашан оралмайтын 60 секунд бақыттан айрыласыз.

17. Ең бастысы – өзіңізге-өзіңіз өтірік айтпаңыз.

18. Өзіңізді шынайы бағалай білетін, сүйетін, құрмет тұтатын адамды ғана сыйласаңыз болады.

19. Достарды тек ұрыс-керісте жоғалтамын деп ойламаңыз. Оларды уақыт өзі іріктеп береді.

20. Ең үлкен қиындық – күту.

21. Адамдарға әрдайым ақыл-кеңес керек емес. Кейде көмек көрсететін қол мен барлығын түсінетін жүрек керек.

22. Бүгін уақытыңыз жоқ, ертең күшіңіз қалмайды, ал арғы күні өзіңіз болмайсыз. Сондықтан еш нәрсені кейінге қалдырмаңыз.

23. Адамдар не ойласа оны ойласын, ең бастысы сіз өз жолыңызбен жүріңіз. 

24. Жауапкершілік пен шынайылық – ең қымбат қасиет. Оны арзан адамдардан күтудің қажеті жоқ. 

25. Шындықты бетке айта алатын адамдар ғана зор құрметке лайық. 

Ж. Исакаев