Мұғалім адал болса, шәкірт зейінді болады

Мұғалім адал болса, шәкірт зейінді болады
Фото: voxpopuli.kz

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, шәкірттің өмірінде ұстаздың рөлі зор. Оны болашаққа бағыттап, дұрыс жол көрсететін де осы ұстаз. Назарларыңызға ұстаз бен шәкірт туралы қанатты сөздер ұсынамыз.

Басқаларды үйрете отырып, біздің өзіміз де үйренеміз.

Сенека

Педагог – жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам.

А. В. Луначарский

Тәрбиелеушінің өзі – ақылдың, үлкен ұстамдылықтың, мейірімділіктің, биік адамгершілік көзқарастың иесі болуға тиіс.

М. П. Драгоманов

Мұғалім, егер ол адал болса, әрқашан зейінді шәкірт те болуға тиіс.

М. Горький

Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім – жаман мұғалім.

М. Горький

Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.

Д. И. Менделеев

Жақсы оқытушы болу үшін оқытатыныңды да сүюің, оқушыларыңды да сүюің керек.

В. О. Ключевский

Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келетін болса, онда ол алдымен адамды да барлық жағынан біліп алуға тиіс.

К. Д. Ушинский

Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімінде жатыр.

Р. Эмерсон

Балаларды құрметтеу – олардың айтқанына көніп, айдағанына жүру деген сөз емес. Балалар өзінің тәрбиелік талаптарын бекем іске асырып отыратын педагогты құрметтейді.

Н. К. Крупская

Тәрбиешінің рухани дәрежесі неғұрлым төмен, моральдық бейнесі неғұрлым сұрықсыз болып, өзінің тыныштығы мен тұрмысының жайлылығы туралы неғұрлым көп қам жеген сайын, соғұрлым ол бейне бір балалардың игілігі туралы қамқорлықтан туған-мыс делінетін бұйрықтар мен шектеулерді көп шығарады.

Я. Корчак

Шама келмейтін тапсырмалар тек қана бұзады, өзінің міндеттеріне адалдықпен қарамауға үйретеді.

Н.К. Крупская

Адам – қандай сұйықты болса да құюға болатын бос шөлмек емес.

Д. И. Писарев

Балаларға оқытатын пәндер олардың жасына сәйкес болуға тиіс, өйтпегенде қауіп пайда болады: олардың бойында ақылдымсыну, сәншілдік, даңқ құмарлық қаулап шығады.

И. Кант

Саяси праволар сияқты, белгілі жасқа жетпей айтылмайтын ақиқаттар да бар.

А. И. Герцен

Саясаттың ең жақсы дағдысы – тым артық басқармау деседі. Бұл қағида тәрбиелеуде де соншалық дұрыс.

Жан Поль

Бізге жаттаудың керегі жоқ, бірақ негізгі фактілерді білгізу арқылы әрбір оқушының ой-өрісін дамытып, жетілдіруіміз керек...

В. И. Ленин

Қиын ғылым жоқ, тек қана қиын баяндаулар, яғни ұғып болмайтын баяндаулар бар.

А. И. Герцен

Бірде-бір ұстаз өзінің ең маңызды міндеті – тәрбиелеушілерді ақыл-ой еңбегіне үйретуден тұратынын және бұл міндеттің пәннің өзін айтып жеткізуге қарағанда анағұрлым маңызды екенін ұмытуға тиіс емес.

К. Д. Ушинский

Оқушылардың бойында инициатива мен өз бетімен әрекеттенушілік дамымаса, барша білім өлі білім болып қалады; оқушыларды ойлануға ғана емес, сонымен бірге тілеп-қалауға да үйрету қажет.

Н. А. Умов

Қ. Бүйенбай