Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Адамды сүю – оның кемшілігін де сүйе білу

Адамды сүю – оның кемшілігін де сүйе білу

Адамды сүю – оның кемшілігін де сүйе білу

Федор Михайлович Достоевскийді кейіпкерлеріне деген жанашырлығы үшін «қауырсын психологы» деп атаған екен. Ол – адамның жан дүниесіне терең бойлай білген жазушы. Оның әлем әдебиетіне, әр адамның рухани дамуына қосқан үлесін бағаламау мүмкін емес.

Назарларыңызға ойшылдың ең үздік 31 қанатты сөзін ұсынамыз:

1. Жанашырлық – адам болмысына тән қасиет.

2. Ойына келгенін жасайтын адамды азат деп айту қиын. Азат адам керісінше әрдайым өзін ұстай біледі.

3. Әр нәрсенің шегі бар. Сол шектен өткен кезде қауіп төнеді. Оны бір рет аттаған соң артқа қайту мүмкін емес.

4. Бақыт бақытта емес, оған жетуде.

5. Өмірді оның мәніне қарағанда қаттырақ жақсы көру қажет.

6. Орыс халқы өзінің мұңынан ләззат алады.

7. Кітап оқудан бас тарту - ойлаудан бас тартумен бірдей.

8. Мақсат болмаған жерде өмір де жоқ.

9. Бақыттың дәмін сезіну үшін көп қиындықтан өту қажет.

10. Әлемді сұлулық құтқарады.

11. Ол мені сүймейді деп ойлағандықтан, ешкім де қадамды бірінші болып жасамайды.

12. Табысқа жетпеген жазушы сын айтуға құмар болады. Ол дәмі кеткен қызыл шарапқа ұқсайды.

13. Адам ақылды. Бірақ ақылды әрекеттер жасау үшін бір ақыл аз.

14. Мақсатқа жетер жолда алдыңнан шыққан әр итке тас лақтырар болсаң, мақсатыңа ешқашан жетпейсің.

15. Махаббатсыз шындық өтірікпен тең.

16. Махаббатты іздеңіз, жүрегіңіз махаббатқа толы болсын. Махаббаттың құдіреттілігі соншалық, бізді қайта тірілте алады.

17. Шын сүйген жүректегі қызғаныш махаббатты өлтіреді немесе махаббат қызғанышты тұншықтырады.

18. Адамның көзін жою оңай. Оған оның түкке тұрғысыз іспен айналысып жүргенін айтсаңыз болғаны.

19. Құшақтай білетін адам – жақсы адам.

20. Күннің бір ғана шуағы адамның жан дүниесін нұрландыра алады!

21. Жан дүниеңдегі сыр жүзіңнен көрініп, әрбір айтқан сөзің жүректен шығу үшін бетпе бет тұрып сөйлесу керек. Он хаттан, көзге тік қарап тұрып айтқан сөз артық.

22. Балалар жаныңда болған кезде жан дүниең нұрланады.

23. Өзгенің мүддесін ойлаған адам қолы байлаулы болса да, көп жақсылық жасайды.

24. Кейде адамдарды хайуанға теңеп жатады. Хайуандардың санасы болса, бұған қатты ренжитін еді. Өйткен хайуан ешқашан адам секілді қатыгез бола алмайды. Оның бойында жасандылық сынды қасиеттер жоқ.

25. Достым, үнсіз жүрген кезде өзгелерге ұнайтыныңды және өзіңе еш қауіп төнбейтінін есіңе алшы.

26. Ең бастысы, өзіңді алдама. Өзін алдайтын адам өзгенің шын сөзіне сенбейді. Өзін құрметтеуден қалады. Өзін сыйламайтын адамды өзгелер де сыйламайды. Ең сорақысы - махаббатың ләззатын ешуақытта сезіне алмауында.

27. Ересек адамдар балалардың қатты қиналған кезде дұрыс кеңес айтатынын ескермейді.

28. Сана – арсыз, бәрін ақтауға дайын!

29. Өкініш, қайғы, мұң секілді қасиеттерді жүректе сақтамаңыз. Әйтпесе бақытты шақтар үшін орын қалмауы мүмкін.

30. Мен бір адаммен өзіммен сөйлесіп отырғандай тілдескім келеді.

31. Адамды сүю – оның шынайы болмысы мен кемшілігін де сүю.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Фото: Дулат Сепбосынов
Қосылған күні: 29 қыркүйек 2015, 13:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.