Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас

Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас
Фото: yvision.kz

Ұлағатты ұстаздардың әрқайсымыздың өмірімізде алатын орны ерекше. Олардың бізге жасаған жақсылығын қайтара алмайтынымыз анық. Назарларыңызға ұстаз бен шәкірт туралы қанатты сөздер ұсынамыз. 

Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.

К.Д.Ушинский

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.

Л.Н.Толстой

Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды.

А.П.Чехов

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский

Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.

Ы.Алтынсарин

Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді.

А.Дистерверг

Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі.

В.О.Ключевский

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.

Александр Македонский

Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды.

Демокрит

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.

Цицерон

Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас.

Боэций

Қ. Бүйенбай