Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Зейнеп Ахметова. «Атаның қысқа қайырмалары»

Зейнеп Ахметова. «Атаның қысқа қайырмалары»

Зейнеп Ахметова. «Атаның қысқа қайырмалары»

Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы жайлы талай естеліктер мен эсселер жазылды. Бүгін даңқты қолбасшы, қарымды қаламгердің 104 жылдығына орай келіні Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» кітабында жазған «Атаның қысқа қайырмалары» бөлімін назарларыңызға ұсынуды жөн санап отырмыз.

***

Бір жолы Бақытжан сөз арасында әкесіне қарап:

- Осы адамдар қызық! Қайда бармайын мені өз атыммен – Бақытжан деп атамай, «Баукеңнің баласы ғой», «Бауыржанның ұлы ғой» деп кішкентай сәби құсатып атайтыны несі екен?

Сонда ата Бәкеңе барлай қарап отырды да:

- Сен екеуміз қалаймыз ба, қаламаймыз ба, маған – атақты болу, саған баласы болу үкімі кесілген. Орысша айтқанда, я приговорен к славе, ты обречен быть сыном, - деді.

***

Бақытжан бір жазушының кірпіштей қалың кітабын қолына салмақтап ұстап тұрып:

- Мен де осындай үлкен шығарма жазғым келеді, - деді тамсанып.

- Әй, Черновик! - деді ата баласын өзіне жақын тарта сөйлегенде мырзалық жасап, осылай атайтын әдетімен. - Әңгіме – көп жазуда емес, не жазуда, қалай жазуда. Александр Сергеевич Грибоедов өзінің «Горе от ума» деген жұп-жұқа кітабымен өзіне дейінгі орыс әдебиеті тарихын шалқасынан түсірді. Ал талайлар 10-15 томдарымен өздері шалқасынан түсіп жатыр, - деді.

***

Бақытжан телефонда біреуге ащылау сөз айтып, тұтқаны тарс еткізіп орнына қойды. Осы көріністі байқап қалған әкесі:

- Неге сонша дауыс көтеріп өрескел сөйлейсің? - деді жаратпаған раймен.

- Өзі кінәлі. Адам секілді айтқанды, жұмсақ сөйлегенді түсінбейді. Бір емес, екі емес, тіпті төбеме шығып кетті, - деп Бәкең ақтала жауап берді.

- Ол кінәлі емес. Кез келген оп-оңай шығып кететін сенің жалпақ төбең кінәлі, - деп бұрылып жүре берді әкесі.

***

Түскі ас кезінде атаның ыдысында біраз тамақ желінбей қалып қойды. Соны көрген Бақытжан:

- Папа, асыңды түгел тауысып жеп қой, әйтпесе мынау, - деп мені нұсқады, - қарны тойып тұрса да, ылғи сенен қалғанды жалап-жұқтап жеп отырады. Сенің сарқытыңды іше-іше, жей-жей кейін келінің басыма бәле болмай ма?! - деді өзінше әкесін қағытпақ болып. Ата мырс етіп мұртынан күлді де:

- Менен кейін де саған «бір бәле» керек! - деп орнынан тұрып кетті.

***

Менің жүдеу-жұқалығымды көріп аяп кетті кетті ме, ата бетіме қарап тұрып:

- Неге қабырғаң жабылмайды? - деп тосын сұрақты қойып қалды. Не дейін, үндемедім, жай жымидым да қойдымү

- Айтпасаң да, басыңда қандай ойдың ойнақтап тұрғаны маған түсінікті. «Момышұлдарының тентектігі басылғанда шыр бітер» деп тұрсың ғой,- дегені... Шынымды айтсам, дәл сондай ой болмағанымен, соған ұқсастау «Арқада аяз қыспаса да, арқар ауып несі бар» деген тұрақты сөз тізбегінің ойыма келгені рас болатын. Ата соны біліп қойды...

***

Ерте заманда қазақ ішінде қылмыс жасаған әйел заты үшін жазаның ең үлкені – оның бұрымын кесу болған екен. Совет үкіметі орнағалы бері әйелдер өзін-өзі жазалап жатыр...

***

Ең бейшара адам – дұшпаны жоқ адам. Ең бақытсыз адам – жан досы жоқ адам.  

Зейнеп Ахметова. «Бабалар аманаты». 209-210 беттер.

Сурет: Ернар Алмабек

Қосылған күні: 24 желтоқсан 2014, 17:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.