- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Сократтың нақыл сөздері...
Сократтың нақыл сөздері
Сократ – ежелгі Грек елінің үздік ойшылы. Сократтың ілімі қазіргі заман пәлсапасының маңызды бөлігі. Ол ең алдымен табиғат тылсымдарын емес, алдымен тұлға ретінде адамды қарастыру керек деген ой-пікірін ұсынды. Сократтың өзі ешқандай шығармалар жазбаған, тек ауызша айтқан. Біздің Сократ туралы білетініміздің барлығы оның замандастары мен шәкірттерінің жазғандарынан алынған. Ендеше назарларыңызға Сократтың бір топ сүбелі сөзін ұсынамыз.
1. Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек.
2. Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.
3. Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.
4. Мен өмір сүру үшін тамақтанамын, ал кейбіреулер тамақтану үшін өмір сүреді.
5. Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді.
6. Адамдарды таныған сайын, өзімнің итімді қатты қадірлеймін.
7. Қалаған адам - амал табады, қаламаған - себеп табады.
8. Ашулы адам ешқандай пайдасыз басқаларды зәбірлейді.
9. Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ.
10. Ештеңеге қарамастан үйлен. Жақсы әйел түссе бақытты боласың, жаман әйел түссе ойшыл боласың.
11. Өлімді білмей тұрып, одан қорқу қисынсыз сияқты.
12. Арманым азайған сайын, Құдайға жақындай түсемін.
13. Әлемді өзгертпес бұрын, өзіңді өзгерт.
14. Абыройсыздықпен өмір сүргенше, батылдықпен өлген артық.
15. Сөз сүйектен өтпесе, таяқ та көмектеспейді.
16. Табиғат көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.
17. Достарыңның жүрегін құр қошеметпен емес, көңілден шыққан шынайы сөздермен жаулап ал.
18. Өмірлік тәжірибесі аз адамның айтқан сөзі аса сенімнен шыға бермейді. Мейлі маған еліктеп айтса да.
19. Талқыға салған кезде ғана ақиқаттың беті ашылады.
20. Өз шаруаларыңды өзгемен ақылдасу үшін, алдымен оның өзінің шаруаларымен қалай айналысып жатқанын қара.
Сурет: sites.google.com
Ж. Исакаев